Антонио Кандрева (итал. Antonio Candreva; 28 ақпан 1987 жыл, Рим) — италиялық футболшы, Италия Ұлттық футбол құрамасы мен "Интернационале" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы 2004 жылы Италия С1 сериясында ойнайтын "Тернана" клубына қабылданды. Үш маусымнан соң "Удинезеге" ауысты. Клуб сапында үш ойында алаңға шықты да, 2008/09 жылғы маусым қарсаңында "Ливорноға" жалға берілді.
2010 жылы қаңтарда "Ювентусhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/25488" футболшыны жарты жылға арендаға алды. 24 қаңтарда "Ромаға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.
2010 жылы тамызда "Парма" ойыншысы атанды.
2012 жылы "Лациоға" ауысты. Төрт маусымнан соң "Интернационале" қатарын толықтырды.
Ұлттық құрама 2013 жылы Конфедерациялар кубогына, 2014 жылы әлем чемпионатына, 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Италия кубогы 2012/13 УЕФА Еуропа лигасының финалисі: 2019/20
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тернана ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Ливорно ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Чезена ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары