Роланд Шаллаи (; 22 мамыр 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/332798, Будапешт, Мажарстан) — мажар футболшысы, Мажарстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Фрайбург" клубының шабуылшысы.
Карьерасы Карьерасын 2014 жылы "Пушкаш Академия" клубында бастады. 2017 жылға дейін Мажарстан чемпионатында 48 кездесуде алаңға шықты. 2016-17 жылғы маусымды "Палермода" арендада өткізді. Италия А сериясында 21 рет алаңға шықты.
2017 жылы тамыз айында АПОЭЛ-ге ауысты. 9 қыркүйекте жаңа клубы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.
2018 жылы тамызда "Фрайбург" қатарын толықтырды.
2016 жылғы Еуропа чемпионатының қарсаңында Кот-Д'Ивуар құрамасына қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Бірақ финалдық турнирге баратын 23 футболшының тізіміне ілінбеді.
Жетістіктері
Кипр чемпионы: 2018
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Мажарстан футболшылары Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пушкаш Академия ФК ойыншылары Санат:Палермо ФК ойыншылары Санат:АПОЭЛ ФК ойыншылары Санат:Фрайбург ФК ойыншылары