Тынымбай Төлепбайұлы Қарин (1941, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы) — кеңестік және қазақстандық инженер және қаламгер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Қарин — Қазақстан вице-президенті Ерлан Қариннің әкесі.
Өмірбаяны Қарин 1941 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Жарқамыс ауылы дүниеге келген.
1965 жылы ол Жамбыл Технологиялық институтын бітірген, мамандығы инженер-технолог. Еңбек жолын ол 1966 жылы Ақтөбедегі Одақтық астық қабылдау мекемесінен бастап, мамандығы бойынша жұмыс жолын үзбей Ақтөбе, Жамбыл, Шымкент облыстарында астық өндіру саласында қызмет етіп келді. 1980 жылдан зейнетке шыққанша Қарин Ақтөбе ауыл шаруашылық машина жасау зауытында инженер болып істеді.
Қарин өндірісте жұмыс істеп жүріп шығармашылықпен де әуестеніп жүрді. 1978 жылы оның «Арман қанатында» атты жас жазушылар жинағында «Ымырт» деген әңгімесі басылды. Одан басқа ол аудандық, облыстық, республикалық әдеби газеттерде шығармалары басылып жүрді.
Әңгімелер жинағы қатарында «Өмір сыры», «Қанағат», романдар қатарында «Шырғалаң», «Ғасыр үні», «Ұлы сезім» болды.
Отбасы Қариннің жұбайы — Несіпкүл Бадаубекқызы Қарина. Балалары: Шоқан (1971 туған), Бектұрған (1973 туған, дәрігер), Ерлан (1976 туған), Айнаш (1978 туған).
Құдасы — қаламгер Дидахмет Әшімханұлы.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері Санат:Қазақстан жазушылары