Кевин Эдвард Дойл (; 18 қыркүйек 1983https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/35193, Адамстаун) — ирландиялық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы
Клубтық 2001 жылы 18 жасында "Сент-Патрикс Атлетик" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Бірақ жас футболшының алаңға жиі шығуына мүмкіндік аз болды. 2003 жылы ирландиялық тағы бір клуб "Корк Ситиге" ауысты.
2005 жылы "Редингпен" екі жылдық келісім шарт жасасты. Әуелде қосалқы құрамда көп отырғанымен, Дэвид Китсонның жарақатынан соң негізгі құрам ойыншысына айналып шыға келді. 2005/06 жылғы маусымда премьер лигада 13 гол соқты.
2009 жылы "Вулверхэмптонға" ауысты.
2017 жылы "Колорадо Рэпидз" сапында ойнап жүріп басының жиі ауыра бергеніне байланысты карьерасын аяқтады.
Халықаралық Ирландия Ұлттық футбол құрамасы сапында тұңғыш рет 2004 жылы 2 ақпанда Португалияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. 2012 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Ирландия футболшылары Санат:Ирландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сент-Патрикс Атлетик ФК ойыншылары Санат:Корк Сити ФК ойыншылары Санат:Рединг ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Куинз Парк Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Кристалл Пэлас ФК ойыншылары Санат:Колорадо Рэпидз ФК ойыншылары Санат:Колорадо Рэпидз ФК ойыншылары