Льоренс «Сито» Риера Ортега (; 5 қаңтар 1987https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/8480, Манакор, Балеар аралдары, Испания) — испаниялық футболшы, Кипрдің "Эносис" клубының қорғаушысы.
Карьерасы Ағасы Альберт Риера да футболшы, Испания ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған.
"Барселона" клубының түлегі. Бірақ фарм-клубтарында ғана ойнап (Сеск Фабрегас, Жерар Пике, Лионель Мессимен бірге), негізгі командада алаңға шыға алмады.
Сито 2014 жылы маусымда "Қайрат" клубымен 3,5 жылға келісім шарт жасасты. Қайраттықтар сапында екі маусым ойнап, екі рет Қазақстан чемпионатының жүлдегері (бір рет күміс, бір рет қола) атанды. 2016 жылы тамыз айында клубтан кетіп, Польшаның "Шленск" клубына ауысты.
Жетістіктері
Украина кубогының финалисі: 2012/13 Қазақстан кубогы (2): 2014, 2015 Қазақстан суперкубогы: 2016
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Испания футболшылары Санат:Эспаньол ФК ойыншылары Санат:Паниониос ФК ойыншылары Санат:Черноморец Одесса ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары