Момоду Сисей (; 24 желтоқсан 1982 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/85254, Банжул, Гамбия) — гамбиялық футболшы, шабуылшы

Карьерасы

Клубтық Намибияның "Уоллидан" клубының түлегі. Кейін "Цюрих", "Челси" академияларында да ойнады. 2008 жылы Бельгяның "Вестерло" клубында кәсіпқой карьерасын бастады.

2013 жылы "Қайратпен" үш жылдық келісім шарт жасасты. Маусым соңына дейін 28 кездесуде 13 гол соғып, команданың маусымдағы үздік мергені атанды. Бірақ командаға Жерар Гоу келген соң ақырындап негізгі құрамнан ысырылды да, 2015 жылы жазда клубтан кетті.

Қазақстанға содан 2018 жылы жазда оралды, бірақ бұл жолы "Қызылжар" футболшысы атанды.

2019 жылы "Ертіске" ауысты.

2020 жылы "Қызылжарға" қайта ауысты.

Халықаралық 2010 жылы 30 мамырда Мексикаға қарсы жолдастық кездесуде Гамбия Ұлттық футбол құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты. 2010 жылы 4 қыркүйекте Намибия қақпасына тұңғыш голын соқты, бұл 2012 жылғы Африка Ұлттары кубогының іріктеуі болатын.

2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. Бұл турнирде де бір гол соқты (2012 жылы 10 маусымда Танзаниямен ойында есеп ашты, бірақ Гамбия 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл Момодудың құрама сапындағы соңғы голы еді.

2015 жылдан соң құрамаға шақырылмады.

Жетістіктері Клубтық Жилина

Словакия чемпионы: 2011/12 Словакия кубогы: 2011/12

Қайрат

Қазақстан кубогы: 2014 Халықаралық Гамбия

Африка Ұлттар кубогының чемпионы (17 жасқа дейінгі): 2005

Дереккөздер

Санат:Гамбия футболшылары Санат:Гамбия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Жилина ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Маккаби Нетания ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары