Никола Василевич (; 19 желтоқсан 1983 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/126035, Зворник, Югославия) — босниялық футболшы, қорғаушы.
Карьерасы "Дрина" клубының түлегі. 2001 жылы осы клубта карьерасын бастаған соң, 2003 жылы "Модрича" клубына ауысты. 2006 жылы Кореяның "Чеджу Юнайтед" клубымен келісім шарт жасасты. Бірақ 2007 жылы "Модричаға" қайта оралып, 2009 жылға дейін доп тепті.
2010 жылы қыста Хорватияның "Кроация" клубына ауысты.
2011 жылы Қарағандының "Шахтерына" ауысып, төрт маусымдай ойнады, осы аралықта Қазақстан чемпионы атанды, Қазақстан кубогын иеленді.
2016 жылдың басында "Дринаға" қайта оралды. Бірақ жыл ортасында тағы да "Шахтермен" келісім шарт жасасып, 2017 жылдың жазында үшінші рет "Дрина" клубына қайта келді.
Халықаралық Боснияның 19 жасқа дейінгі құрамасында ойнады.
2006 жылы Ұлттық құрама сапында екі жолдастық кездесуде алаңға шықты.
Жетістіктері
Командалық
«Модрича»
Босния чемпионы: 2007/08
«Шахтёр»
Қазақстан чемпионы (2): 2011, 2012 Қазақстан кубогы: 2013 Қазақстан суперкубогы: 2013
Жеке
Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушысы (1): 2013 Қазақстан чемпионатындағы үздік 33 (3): № 1 (2011, 2013); № 2 (2012)
Қызықты деректер Сербиялық тағы бір Никола Васильевич атты футболшымен бір күнде, бір жылда дүниеге келген.
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Босния және Герцеговина футболшылары Санат:Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дрина ФК ойыншылары Санат:Модрича ФК ойыншылары Санат:Чеджу Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Звезда Градачац ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары