Элизабет Диллер (немесе Лиз Диллер;Meet Liz Diller 17 маусым 1954 жыл, Лодзь) — америкалық сәулетші және 1979 жылы "Diller Scofidio + Renfro" компаниясы негізін салғандарының бірі.The 6 Architects Who Have Won MacArthur "Genius" Grants Онымен қоса Принстон жоғарғы оқу орынының сәулет өнері бағытындағы профессоры.ELIZABETH DILLER
Өмірі Элизабет Диллер 1954 жылы Лодзи, Польшада, еврей отбасында дүниеге келді.
1960 жылы Элизабетке не болғаны 6 жас болғанда отбасы Америкаға қоныс аударады.Elizabeth Diller Trusts Her Survivor's Instinct
Диллер 1979 жылы Купер Юнион мектебінде бакалавр дәрежесін алды. Рикардо Скофидиомен сабақ кезінде танысып, сол кезде ол Элизабет Диллердің мұғалімі мен тәлімгері болды. Дипломды алғаннан кейін олар 1980-ші жылдары үйленеді.
2000 жылдардан бастап ол концептуалды сәулет өнерімен, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелердің дизайндарымен танымал бола бастады.An interview with Elizabeth Diller
Мадақтаулары мен жетістіктері
Элизабет Диллер мәдени ортадағы ең ықпалды дизайнерлердің бірі болып саналады.https://www.ft.com/content/e4f80782-97ae-11e7-b83c-9588e51488a0 1999 жылы сәулет өнері саласындағы жетістіктері үшін Макартур стипендиясын алды. Стипендиядан бөлінген ақшаға ол 2002 жылы Швейцария ЭКСПО көрмесі үшін “Бұлыңғыр ғимарат” жобасын іске асырды. 2000 жылы оған мейрамхананың керемет дизайны үшін Джеймс Бирда сыйлығы тарту етілді. Диллермен бірге құрылған студия Уалл Стрит Джурнал-дың “2017 жылғы сәулет өнері инноваторы” сыйлығын иеленді. Сонымен қатар митсон ұлттық дизайн сыйлығын алды. 2018 жылы Элизабет Диллер екінші рет The Times журналының ең беделді адамдар тізіміне еніп, сонымен қатар сол тізімдегі жалғыз сәулетші болды. 2019 жылы Джейн Дрю сыйлығын және “Сәулетші әйелдер” жыл сайынғы премиясының сегізінші иегері атанады.
Жобалары
Architectural Digest мәліметтері бойынша, Элизабет Диллер мен Рикардо Скофидио 2002 жылдан бастап: “Бұлыңғыр ғимарат”, Швейцария; Қазіргі заманғы өнер институты, Бостон; “Жоғарғы сызық” , Манхэттеннің батыс жағында; Линкольн орталығын жаңарту сериялық жөндеу жұмыстары; Беркли кино мұражайы, Калифорния; Браун университеті мен Стэнфорд университетіндегі ғимараттар; Броуда мұражайы, Лос-Анджелес; Сонымен қатар бір уақытта бірнеше жобаларда жұмыс жасады: Колумбия медицина мектебіндегі Вагелос орталығы; Колумбия жоғарғы оқу орнының бизнес мектебінің жаңа ғимараты; Барбикандағы Лондон музыкалық орталығы; Рио-де-Жанейродағы кино музейі; Кітаптары: Lincoln Center Inside Out: An Architectural Account, 2012 жылы Онымен қоса Бодибилдинг сияқты жұмыстарға сұхбат берді.
Дереккөздер
Санат:1954 жылы туғандар Санат:Сәулетшілер Санат:Тірі тұлғалар Санат:Еврейлер Санат:Сыйлық иегерлері