Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов (21 сәуір 1964, Талдықорған облысы) — Қазақстанның ірі мемлекеттік қайраткері, саясаткер, дипломат. 2020—2024 жылдары ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары. 2016—2018 жылдары Сыртқы істер министрі. 2024 жылдан бастап қызметтегі Нидерландтағы Төтенше және Өкілетті Елші.

Өмірбаяны 1964 жылы 21 сәуірде Талдықорған облысы, Панфиловта дүниеге келді.

1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін “тарихшы” мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін 1991 жылға дейін Қазақ политехникалық институтының саясат тарихы кафедрасының оқытушысы болды.

Одан кейін 1993 жылға дейін Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты болды.

1993 жылдан бастап Әбдірахмановтың мансабы дипломатиялық секторға көшті:

1997 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінде үшінші, екінші хатшы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасының басшысының орынбасары болды.

1997 жылы Сыртқы істер министрлігі Азия елдері департаментінің директорының орынбасары;

1997—1998 жылдары Азия, Жақын Шығыс және Африка басқармасының бастығы — Сыртқы істер министрлігі 4-департаментінің директорының орынбасары;

1998—1999 жылдары Сыртқы істер министрлігі 3-департаментінің директоры;

1999 жылдың сәуір—желтоқсан айлары Сыртқы істер министрлігі Екіжақты қатынастар департаментінің директоры;

1999—2001 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары;

2001—2003 жылдары Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.

2003 жылы Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.

3 жылдан кейін лауазымынан босатылып, тағы да Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылы лауазымынан босатылып, Қазақстан президентінің  бұйрығымен Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елші, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды.

2008 жылы Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметінен босатылғанымен, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл болып қалып, ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды.

2011 жылы лауазымынан босатылып, тағы да Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметінен босатылғанымен, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды. 2013 жылы Словениядағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалып, 2 қызметті қоса атқарушы болды.

2013 жылы лауазымдарынан босатылып, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды.

2016 жылы Қазақстан президентінің  № 397 бұйрығымен лауазымынан босатылып, Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2 жылдан кейін лауазымынан босатылды.

3 айдан кейін Швециядағы Төтенше және Өкілетті Елші, 7 айдан кейінДаниядағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.

2020 жылы өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 27-отырысында Қазақстан Әбдірахмановты лауазымға ұсынды. Нәтижесінде ұсыныс қабылданып, 4 желтоқсанда Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болып сайланды.2023 жылы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-отырысында Әбдірахмановтың өкілеттілігін ұзартып, Әбдірахманов бұл қызметте 2024 жылғы жазға дейін отырды.

Лауазымынан босатылған күні-ақ Нидерландтағы Төтенше және Өкілетті Елші, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды.

Жеке өмірі Үйленген, жұбайы Майра Қабиқызы Әбдірахманова (1963 туған) — тілші, қоғам қайраткері, 2017 жылғы ақпаратқа сәйкес Хабар телеарнасының тілшісі. «Ақпарат саласының үздігі» мемлекеттік сыйлығының және «Алтын жүрек» атағының иегері. Ұлы Теміржан Әбдірахманов (1987 туған) — кәсіпкер, 2022—2024 жылдары «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының төрағасы, Қазақстан Альпинизм және құзға шығу федерациясының вице-президенті. Жұбайы Әсел Әбдірахманова (1984 туған). Немерелері — Малика (2011 туған), Исатай (2013 туған), Жанел (2016 туған) және Қәлима (2021 туған) Әбдірахмановтар. Қызы Айнұр Құдайберген (1999 туған).

Марапаттары мен атақтары Құрмет ордені; Парасат ордені; Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001); Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі, Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі (2005); Астанаға 20 жыл медалі (2018).

Дереккөздер

Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Қазақстанның Израильдегі елшілері Санат:Қазақстанның Аустриядағы елшілері Санат:Қазақстанның Словениядағы елшілері Санат:Қазақстан сыртқы істер министрлері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері