‎ Көлтоған бөгені — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданыны жеріндегі су қоймасы. Сырдария өзеніне құятын Ақүйек өзенінің жоғарғы аңғарында орналасқан. Көктемгі тасқын суды жинап, жазда егіншілікпен айналысу үшін 20-ғасырдың басында, шамамен 1920-30 жылдары қолайлы жерден ұзындығы 1 шақырымдай болатын бөгет соғылып, үлкен су қоймасы жасалған.

Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 1 км, ендірек жері 911 м, жағалық сызықтың ұзындығы 4 км. Тоған суын күні бүгінге дейін Бірлік ауылының халқы пайдаланып келеді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы гидрографиясы