Сасықбұлақ бөгені — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы су жүйесі. Бөген 1942 жылы Жаңақорған өзені бойында салынған. Кейіннен бірнеше рет қайта жөндеуден өткен.
Гидрологиялық сипаты Бөгеннің жалпы су сыйымдылығы 5,5 млн. м³, пайдалысы 5,3 млн. м³. Теңіз деңгейінен 348 м биіктікте жатыр. Бөген суымен ауданның егістігі мен шабындығы суғарылады жəне суландырылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Түркістан облысы гидрографиясы