Сауыр таулары — Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекарасында орналасқан тау жотасы; ол Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Тарбағатай тауларымен қатар осы жүйенің екінші бір бөлігін құрайды. Жотаның ұзындығы 140 км-ді, ал мұз басқан аумағы 16 км²-ді құрайды. Оның ең биік нүктесі – Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 50 км. Сауырдың шыңдары тегіс және күмбез тәрізді. Сауыр жотасының беткейлерінен бастау алып, Зайсан қазаншұңқыры мен Қара Ертіс алабын сумен қамтамасыз ететін негізгі өзендерге мыналар жатады: Кендірлік, Үйдене, Қарабуға, Жеміс, Шегелек және Темірсу. Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы және Сауырдың таулы орманды-шалғынды даласы болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік бет-кейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жемісжидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, Түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол әрі таудың батыс беткейінде бақтар бар. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр.Сауыр тауларының сипаттамасыСауыр талуарының орналасуы

Тағы қараңыз Сауыр-Тарбағатай Тянь-Шань Алтай тауы

Дереккөздер

Санат:Таулар Санат:Сауыр Санат:Тарбағатай