«Асауға құрық салу» (басқаша атаулары: «Бұғалық тастау», «Қашағанды қуу») — Молдахмет Кенбаевтің 1957 жылы салған суреті.
Бұл пейзаждың нақ ортасында көкжиек тау тізбегімен астасқан дала бойымен желдей есіп шапқан ақ боз ат бейнеленген. Оны ұстамақ болып біреуі ұзын құрықты, екіншісі арқанын ұстаған екі салт атты артынан қуып келеді. нобай|1997 жылғы пошта маркасы
Осы шығарманың өн бойынан қазақтың далалық рухы, ат тұяғының дүбірі ерекше сезіледі. Түстердің үйлесімділігі, композицияның біртұтастығы, даланың сұлулығы шебер қиюласқан.«От тұяқ кең даланы дүбірлетіп...» — «Ана тілі», 13.08.2015
Жазушы Мұхтар Әуезов бұл суретті көргенде: «Мінез деп мынаны айт. Молдахмет, сенің аттарың асау ғой өзі. Осындай кеңістік керек бізге. Көкірегіміз ашылып сала берді ғой», деп айтқан екен.Кенбаев кеңістігі — «Егемен Қазақстан», 11.05.2021.
Суретті Мәскеудің Третьяков галереясы сатып алғаны белгілі.
Дереккөздер
Санат:Молдахмет Кенбаев суреттері