Қырмызы – Оңтүстік Алтай жотасының шығыс бөлігіндегі асу.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аршаты ауылының оңтүстік-шығысында 27 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2973 м. Маусым-қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Өзен арналары тік жарқабақты келген. Биік белдеулеріндегі мұздықтардан Бұқтырма өзенінің салалары бастау алады. Асуда майқарағай, қарағай, балқарағай, самырсын өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы асулары