Теңіз – Ерейментау тауларынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде жатқан тұзды көл. Өлеңті өзені алабында.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Сарыадыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10,5 шақырым жерде орналасқан. Шығысында Көбейтұз, оңтүстігінде Құрбеткөл, Бөртекөл, Қоржынкөл көлдер тізбегі және Сарыадыр тауы, солтүстігінде Бозшасор соры жатыр.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы