Кей халқы (өз атауы; - «Эвав халқы») — Индонезия аумағындағы Банда теңізіндегі Кай аралдарында тұратын халықтардың бірі. Жалпы саны 180 мың адам.
Тілі Тілі - кей тілі.
Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: мұсылман-сүнниттер, кейбірі – католиктер, протестанттар, дәстүрлі наным-сенімдер.
Кәсібі Кей халқы дәстүрлі қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады. Олар – тәтті картоп, таро, ямс өсіреді. Сонымен қатар, терушілікпен, балық аулаумен, басқа да теңіз кәсіпшіліктерімен айналысады. Аңшылық дамымаған. Халықтың қолөнершілері тоқумен, қыш және ұсталықпен айналысады, ағаш өңдейді, қайықтар жасайды. Кей халқының басты мақтанышы – қайық жасау. Кейбір халық өкілдері армияда, мемлекеттік қызметте немесе дін қызметшілері ретінде жұмыс атқарады.
Өмір салты Басқа амбон-тиморлықтар сияқты, ауылдық қауымдастықтарда «бестік» және «тоғыздық» одақтар кең таралған. Отбасыларда мұрагерлік аналық жолмен жүзеге асырылады. Әйелі күйеуінің отбасында өмір сүреді. Кей халқы бастапқыда құдайлардың кең пантеонының бар екеніне сенетін көпқұдайшылдар. Бұл сенімнің қалдықтары қазір де сақталған. Ата-бабаларға табыну табыну бар.
Дәстүрлі баспаналары Қоныстарын төбешіктерге, ең биік нүктеге салады. Дәстүрлі тұрғын үйлері - бұл қаңқалы үлкен үй. Қазір ауылдардағы үйлер әдетте теңіз жағасына жақын орналасқан.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі киімдері – жамылғы, мұсылмандардың қазіргі киімі – малайлықтар, христиандар – амбондықтарға тән киімдер киеді.
Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағамдары - қайнатылған тамыр көкөністері мен түйнектер, көкөніс және балық дәмдеуіштері қосылған саго, сиректеу күріш пен ет.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары