Маяжон – Дегелең тауларының солтүстігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 618 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 3 км. Салыстырмалы биіктігі 20 м. Беткейлері көлбеу тізбектелген шоқылардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Етегінде элювийлі-делювийлі шөгінділер қалыптасқан.
Өсімдігі Тауалдының қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бөрте жусан, қылқан селеу, бетеге, көде, тобылғы, т.б. бұталар мен әр түрлі шөптесіндер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жаңасемей ауданы таулары