Бұхара округі () — 1926-1930 жылдары болған Өзбек КСР әкімшілік-аумақтың бірлігі.

Бұхара округі 1926 жылы құрылған. Округ орталығы болып Бұхара қаласы бекітілді.

1929 жылғы жағдай бойынша округ 8 ауданға бөлінді: Бұхара, Уәбкент, Ғиждуан, Қаракөл, Жаңа Бұхара, Раметан-Хайрабат, Сұлтанабат және Шафрикент.

1930 жылы 30 шілдеде КСРО-ның көптеген басқа округтары сияқты Бұхара округі де таратылды. Оның аудандары Өзбек КСР тікелей бағыныстылығына берілді.

Округ халқының саны 1926 жылы 389,8 мың адам болды. Оның ішінде өзбектер – 82,5%; тәжіктер – 6,8%; орыстар – 3,3%; парсылар – 1,4%.

Дереккөздер

КСР Одағының әкімшілік бөлінуі. М., 1929.

Санат:Өзбек КСР округтары