Қазақстан КП Торғай облыстық комитеті — Қазақ КСР партия басқармасының аймақтық органы (1971-1988 және 1990-1991).

Торғай облысы Қазақ КСР құрамында 1970 жылы 23 қарашада Қостанай және Целиноград облыстарының бір бөлігінен құрылды. Орталығы – Арқалық қаласы.

1988 жылы 2 маусымда облыс таратылып, аумағы Қостанай және Целиноград облыстарының құрамына енді.

1990 жылы 17 тамызда қайта құрылды.

Қазақстан КП Торғай облыстық комитетінің бірінші хатшылары 01.1971-01.1978 Сәкен Құсайынұлы 01.1978-29.01.1985 Еркін Әуелбеков 29.01.1985-2.06.1988 Оразбек Қуанышев 1990-7.09.1991 Кенжебек Үкин

Тағы қараңыз Облыс әкімі

Әдебиет РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.

Санат:Торғай облысы Санат:Қазақстан КП аймақтық, облыстық және өлкелік комитеттері