Сасықкөл – Сарысу алабындағы көл.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылынан солтүстікке қарай 16 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 550 м биіктікте жатыр. Аумағы 4 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,3 км, су жиналатын алабы 75 км2. Жағалауы жарлауытты, түйетайлы, батпақты жерлер кездеседі. Негізінен жер асты жəне жауын-шашын суларымен толысады. Көл түбі тегіс, құмдақты. Алабы мал жайылымына қолайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Сарысу су алабы Санат:Жаңаарқа ауданы көлдері