Сергей Күжүгетұлы Шойгу (21 мамыр 1955 жыл, Чадан) — ресейлік саясаткер, Ресей әскерінің генералы, Ресей батыры (1999), «Біртұтас Ресей» партиясы негіздеушілерінің бірі және мүшесі, Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің 2024 жылғы мамырдан бері қызметтегі хатшысы.
Бұдан бұрын Шойгу 12 жыл бойы Ресей Қорғаныс министрі (2012–2024), Мәскеу облысының губернаторы (2012), 18 жыл бойы Төтенше жағдайлар министрі (1994–2012), Юрий Лужков пен Минтимер Шәймиевпен қатар Біртұтас Ресей төрағасы (2001–2004) және Ельцин тұсында Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы (1991–1994) болған. Шойгу — 2012 жылғы желтоқсаннан бері ТМД Қорғаныс министрлері Кеңесінің төрағасы, 2012 жылғы қарашадан бері Ресей Қауіпсіздік Кеңесініе мүшесі және 2009 жылдан бері Орыс географиялық қоғамының президенті. Оның қызы Юлия Шойгу — ресейлік психолог, Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел психологиялық көмек орталығының қазіргі директоры.
2024 жылғы 25 маусымда Халықаралық қылмыстық сот Шойгуды және бас штаб басшысы Валерий Герасимовты тұтқындауға ордер берді. Сот екеуін Украинадағы соғыс барысында қылмыс жасады деп айыптады. Өткен 2023 жылы тұтқындауға ордер Ресей президенті Владимир Путинге де берілген еді.
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Санат:Ресей саясаткерлері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Алфавит бойынша экономистер Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:Алфавит бойынша инженерлер Санат:КСРО инженерлері Санат:Мәскеу облысының құрметті азаматтары Санат:Саха Республикасының (Якутия) құрметті азаматтары Санат:Кемерово облысының құрметті азаматтары Санат:Тыва Республикасының құрметті азаматтары Санат:Тула облысының құрметті азаматтары Санат:Хакасия Республикасының құрметті азаматтары Санат:Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасарлары Санат:Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлері Санат:Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлері Санат:Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасарлары Санат:Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Санат:Красноярск мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Сербия университеттерінің құрметті докторлары Санат:Ресей мемуаршылары Санат:КОКП мүшелері Санат:Біртұтас Ресей мүшелері Санат:Халықаралық қылмыстық сот іздеу жариялағандар