Моси (мосси, моиси, мосе) — Гур тобының солтүстік-батыс топшасының халқы, Буркина-Фасоның ең үлкен этникалық тобы. Олар Накамбе және Назинон өзендерінің алабында тұрады. Саны 7,4 млн адам. (2012, бағалау). Олар сондай-ақ Кот-д’Ивуардың солтүстік-шығысында (2,4 млн адам), Гананың солтүстігінде (375 мың адам), Нигерде (150 мың адам), Малидің оңтүстігінде (40 мың адам), Сенегалда (35 мың адам), Тогода (30 мың адам), Бенинде (30 мың адам) т.б. тұрады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2232235
Тілі Тілі - море немесе моле тілі.Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/31310 Диалектілері: уагадугу, саремде, таоленде, янси (ядре).
Діні Мосилардың көпшілігі ежелгі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кейбіреулері христиандар мен мұсылмандар.Значение МОСИ (НАРОД В АФРИКЕ) в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2019740.html
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік, мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал), құс шаруашылығы (тауық, теңіз құстары), балық аулау. Солтүстікте тары, фонио, бұршақ, көкөніс, оңтүстігінде түйнектілер, қызыл және ақ құмай, жүгері, бұршақ дақылдары басым. Аралас дақылдар кең таралған. Көптеген ер адамдар Оңтүстік Гана мен Кот-д'Ивуар плантацияларында маусымдық жұмыстармен айналысады. Дәстүрлі қолөнерден темірден құрал жасау, құю, керамика және тоқу дамыған.Народы и культуры Моси https://travel-journal.ru/ethno/40/1044/
Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін дамыған рулық құрылым және үлкен отбасылық қауымдар құрайды. Неке келісімі вирилокальды, туыстық есеп патрилинейлік.
Ықшам елді мекендер басым. Тұрғын үйлері саман, домалақ, төбесі сабанмен жабылған конустық болып келеді, шаруашылық құрылыстарымен және астық қоймаларымен бірге сазды қабырғамен қоршалған.
Әйелдер дененің үстіңгі және астыңғы бөліктерін екі ашық түсті матамен орайды, әртүрлі шаш үлгілері бар. Ерлер киімі еуропалық үлгіде.
Негізгі тағамы - ботқа (тары, құмай, жүгері), ащы тұздығы бар шелпектер, бұқтырылған тағамдар, сүт, көкөністерді, жемістерді тұтынады.
Салт-дәстүрлік рәсімдерде қолданылатын музыкалық, би, ән фольклоры сақталған.народы мира / Моси http://www.etnolog.ru/people.php?id=MOSI
Дереккөздер
Санат:Буркина-Фасо халықтары Санат:Кот-д’Ивуар халықтары Санат:Гана халықтары Санат:Нигер халықтары Санат:Мали халықтары Санат:Сенегал халықтары Санат:Того халықтары Санат:Бенин халықтары