нобай|300x300 нүкте|Қазақстан беретін азаматтығы жоқ адамның куәлігі Азаматтығы жоқ адамның куәлігі — Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығы туралы дәлелдері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп танылған адамдарға берілетін құжат. нобай|300x300 нүкте|Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің іші

Сипаттамасы Мұқабасы Қара көк түсті азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мұқабасы.

Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің алдыңғы мұқабасының сыртқы жағында: жоғарғы бөлігінде-қазақ және ағылшын тілдеріндегі жазу:  "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN"; ортада-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

Елтаңба астында қазақ және ағылшын тілдеріндегі жазу:

"Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Stateless person Certificate";  төменгі бөлігінде-азаматтығы жоқ адамның куәлігінде электрондық ақпарат тасығыштың болуын көрсететін арнайы белгі; бұрыштарында-ұлттық үлгінің элементтері.  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының жазулары, бейнесі, арнайы белгі және ұлттық өрнектің элементтері алтын түсті фольгамен бедерлеумен орындалады.

Іші Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 1 бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде жазу орналастырылған: "Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады, ал оның иесі Қазақстан Республикасының қорғауында болады. This stateless person certificate is  the property of the Republic of Kazakhstan and its owner is under the protection of the Republic of Kazakhstan".

Мәліметтер Құжатта мына мәліметтер көрсетіледі: КУӘЛІК ТҮРІ МЕМЛЕКЕТ КОДЫ КУӘЛІКТІҢ № ТЕГІ АТЫ АЗАМАТТЫҒЫ ЖЫНЫСЫ ЖСБ ТУҒАН KYHI ТУҒАН ЖЕРІ БЕРІЛГЕН KYHI КУӘЛІК MEP3IMI ӨЗ ҚОЛЫ БЕРГЕН ОРГАН

Тағы қараңыз Жол жүру құжаты (Қазақстан)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан құжаттары