Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы.

Тарихы 2007 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрамында Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті болып құрылды. 2014 жылы Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті мен Көші-қон комитеті бірігіп, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып өзгертіліп, 2017 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. 2022 жылы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті, 2024 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті болып өзгертілді.

Міндеттері Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру Еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және міндетті әлеуметтік сақтандыру, ақталған азаматтарды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласындағы өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыруҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің кейбiр мәселелерi туралы

Құрылымы Комитеттің 6 басқармаcы бар (2023 жылға): Персоналды басқару қызметі Медициналық әлеуметтік сараптама басқармасы Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша басқармасы Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы Еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасы Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы

Қарамағындағы мекемелер Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттер

Дереккөздер

Х