Канза (өз аты - «оңтүстік желдің адамдары»), кау (сиу тілінде - «оңтүстік жел») — АҚШ-тағы Сиу тобындағы үндіс халқы (Оклахомадағы резервация). Саны 650 адам.

Тілі Ағылшын тілінде сөйлейді.

Діні Сенушілер протестанттар (методистер). Канза діні анимизмді және әртүрлі дәрежеде рухани болмыстарды қамтыды.

Кәсібі Канза дәстүрлі түрде аңшылық (бизон аулау) пен егіншілікті біріктіретін жартылай отырықшы халық болды. Қазіргі канзалар – жалдамалы жұмыспен айналысады.

Тұрмыс салты Отбасы үлкен және патрилокалды, рулық екі фратрияға біріктірілді. Тайпаны әр фратриядан екі мұрагерлік жолмен көсемдер және тайпа көсемдерінің кеңесі басқарды.

Тұрғын үйлері 8 бағаналы төбесі бар жер үй.

Ерлер белбеумен ұстайтын белдемше киіп, иығына жамылғы ілді. Әйелдер тізеге дейін матадан жасалған белдемше киіп, ал суық мезгілде сол иығына жамылғы киді.

Дереккөздер

Санат:АҚШ этникалық топтары Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:Америка халықтары