Бірсуат (2007 жылға дейін – Раздольное)Зеренді және Аршалы аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл, Бірсуат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Аршалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 100 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1943 жылы қаланған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен778717 512 71,4 355 259 73 362 253 69,9

Инфрақұрылымы Орта мектеп, балабақша, кітапхана, мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, тұрмыстық қызмет көрсету пункті, сауда кәсіпорындары, асхана бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Тұрғындары автомобиль жолы арқылы байланысады. Ауылдан 17 км жерден мемлекеттік маңызы бар Астана — Алматы автомобиль магистралі өтеді. Ең жақын теміржол стансасы – Анар (35 км).

Дереккөздер

Санат:Аршалы ауданы елді мекендері