Дмитрий Николаевич Цой (1941 жылы туған, Өзбекстан, Ташкент облысы Орта Шыршық ауданы, «Киров» кеңшары) – техника ғылымдарының докторы (1994).
Мәскеу жоғары техникалық училищесін (1964) және Мәскеу автомеханика институтының аспирантурасын (1969) бітірген. 1970–79 жылдар аралығында Ресейдің Тольятти политехникалық институтында аға оқытушы, доцент болды. 1979 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық техника университетінде педагогикалық қызметпен (доцент) айналысты.
«Теория штамповки деталей в условиях плоского напряженного состояния из анизотропных материалов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
60 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 оқу құралының авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1941 жылы туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Орта Шыршық ауданында туғандар