Брод-Посавина жупаниясы () — Хорватияның солтүстік-шығысында орналасқан жупания. Жупания аумағы Сава өзенінің сол жағалауымен бойлай созылып жатқан, Посавина деп аталатын тарихи аймақта орналасқан. Жупанияның әкімшілік орталығы — Славонски Брод қаласы.
Географиясы Жупанияның аумағы — 2030 км². Батысында Сисак-Мославина жупаниясымен, шығысында Вуковар-Срем жупаниясымен, солтүстігінде Пожега-Славония жупаниясымен және солтүстік-шығысында Осиек-Баранья жупаниясымен шектеседі. Жупанияның оңтүстігі Босния және Герцеговинамен шекараласады (шекара Сава өзені бойымен өтеді). Оңтүстікте, Саваға жақын орналасқан аумақтар тегіс, ал солтүстігінде таулар бар, олардың ең биігі — Псунь. Жерлері өте құнарлы.
Халқы 2001 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша жупания аумағында 172 993 адам тұрғанЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Жупания халқының ұлттық құрамыҚалалар мен общиналар бойынша ұлттар — Хорватияның статистика бюросы : 94 % — хорваттар, 3 % — сербтер, 0,3 % — ромалар, 0,21 % — босниялықтар, 0,18 % — украиндар, 0,16 % — албандар.
Әкімшілік бөлінісі Жупания 28 әкімшілік бірлікке (2 қала, 26 қауымдастық) бөлінеді:
Қалалар: Славонски Брод, жупанияның астанасы, 64 000 адам Нова Градишка, 35 400 адам
Қауымдастықтар: Бебрина Бродски Ступник Буковле Черник Давор Доньи Андриевцы Драгалич Гарчин Горнья Врба Горньи Богичевцы Грудинцы Клакар Нова Капела Окучани Оприсавцы Ориовац Подцркавлье Решетари Сибинь Сикиревцы Славонски Шамац Стара Градишка Старо Петрово Село Велика Копаница Врбье Врполье
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты
Санат:Хорватия жупаниялары