Махфузбек Серікбайұлы Ақаев (12 қазан 1915, Қоқан, Түркістан генерал-губернаторлығы, Ресей империясы – 2001, Алматы) – энергетик, Қазақ КСР Энергетика және электрификация вице-министрі (1965-1983).

Өмірбаяны Шыққан тегі Ақаев Махфузбек Кіші жүздің Жаппас руынан тарайды. Әкесі - Алаш қайраткері, заңгер Серікбай Ақаев. Шешесі - Гүлжәмила, қазақтың тұңғыш фельдшерлерінің бірі Бақия Шалымбековтің қызы. Гүлжәмиланың шешесі парсы падишаһының немесе оған өте жақын адамның қызы.

Алғашқы жылдары Махфузбек 1915 жылғы 12 қазанда Серікбай Ақаев Қоқан қаласында жұмыс істеп жүрген кезде дүниеге келген. Бұл хабар туралы "Қазақ" газетінің 1915 жылғы шығарылымдарының бірінде айтылады. Даниял Айдаровтың зерттеуінше, 1933 жылы Махфузбек Қызылордадағы 7 жылдық мектеп бітіріп, сол жылы Ташкентте орналасқан Орта Азиялық индустриалды институтқа оқуға түседі.https://e-history.kz/kz/news/show/340132 Институтта "инженер-энергетик" мамандығын меңгеріп шығады.

Қызметі 1943 жылғы наурыз – 1945 жылғы желтоқсан аралығында кеңес әскерінде қызмет етті. Соғыстың аяғында капитан әскери шенін алды. 1945 жылы қыркүйекте әскерден босатылды.https://pamyat-naroda.ru/heroes/person-hero93297868/?backurl=%2Fheroes%2F%3Fadv_search%3Dy%26last_name%3D%D0%90%D0%BA%D0%B0%D0%B5%D0%B2%26first_name%3D%D0%9C%D0%B0%D1%85%D1%84%D1%83%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%BA%26middle_name%3D%26date_birth_from%3D%26static_hash%3D327be5a0dc2ff10a269fa07e624bf773b3573f3600cdbc1aa8742bd494516397v4%26group%3Dall%26types%3Dpamyat_commander%3Anagrady_nagrad_doc%3Anagrady_uchet_kartoteka%3Anagrady_ubilein_kartoteka%3Apdv_kart_in%3Apdv_kart_in_inostranec%3Apamyat_voenkomat%3Apotery_vpp%3Apamyat_zsp_parts%3Akld_ran%3Akld_bolezn%3Akld_card%3Akld_upk%3Akld_vmf%3Akld_partizan%3Apotery_doneseniya_o_poteryah%3Apotery_gospitali%3Apotery_utochenie_poter%3Apotery_spiski_zahoroneniy%3Apotery_voennoplen%3Apotery_iskluchenie_iz_spiskov%3Apotery_kartoteki%3Apotery_rvk_extra%3Apotery_isp_extra%3Asame_doroga%3Asame_rvk%3Asame_guk%3Apotery_knigi_pamyati%26page%3D1%26grouppersons%3D1&

1946 – 1948 жылдары Алматыда "ҚазСелЭлектро" тресінде аға инженер, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

1948 – 1957 жылдары ауыл шаруашылығын электрификацияландыру басқармасының Республикалық эксплуатация конторасында бас инженер, директордың орынбасары еді.

1960 жылы Қазақстан КП ОК тапсырмасымен Тың өлкесіне "ҚұрылысЭлектроМонтаж" тресін басқаруға жіберілді. Ал 1963 жылғы қаңтарда Қазақ КСР Энергетика министрлігінің қарауына жіберіліп, маусымға дейін Республика бойынша ауыл шаруашылығын электрификацияландыру басқармасының (ГлавСельЭнерго) басшысы болып жұмыс істеді. Кейін осы министрліктің қарауындағы Республикалық "ҚазақҚұрылысЭлектроМонтаж" тресінің басшысы болып 1965 жылдың қарашасына дейін қызмет етті.

1965 жылғы қарашадан 1983 жылғы тамызға дейін Қазақ КСР Энергетика және Электрификация министрлігінің министр орынбасары болып қызмет атқарды.

Марапаттары 1-дәрежелі Отан соғысы ордені - 21.05.1945 Қызыл жұлдыз ордені - 06.10.1944 "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалі ("За боевые заслуги") - 04.04.1944

Дереккөздер

Санат:Қоқанда туғандар Санат:Энергетика министрлері Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:1915 жылы туғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Энергетиктер