Еуропа ғарыш агенттігі (қысқаша ЕҒА; ; ; ) — ғарышты зерттеу мақсатында 1975 жылы құрылған халықаралық ұйым. Ол 1960–1970 жылдардың басындағы алғашқы екі еуропалық ғарыш консорциумдарының: серіктер жасауға бағытталған ESRO () және «Еуропа» зымыран-тасығыштарын әзірлеумен айналысқан ELDO () негізінде құрылды.

ЕҒА-ға 22 тұрақты мүше мемлекет кіреді, сондай-ақ кейбір жобаларға Канада да қатысады.

Тарихы

ЕҒА-ның штаб-пәтері Парижде орналасқан.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген еуропалық ғалымдар Батыс Еуропаны тастап, АҚШ-та жұмыс істеуге көшті. 1950 жылдардағы экономикалық өрлеу Батыс Еуропа елдеріне зерттеулер мен ғарыштық қызметке инвестиция салуға мүмкіндік бергенімен, еуропалық ғалымдар тек ұлттық жобалармен шектелді. Бұл жобалар екі алып державаның бағдарламаларымен бәсекелесе алмады.

1958 жылы, серік дағдарысынан бірнеше ай өткен соң, Батыс Еуропаның ғылыми қауымдастығының көрнекті өкілдері Эдоардо Амальди мен Пьер Оже Еуропа ғарыш агенттігін құрудың негіздерін талқылау үшін кездесті. Жиынға сегіз елден келген ғалымдар, соның ішінде Гарри Мэсси (Ұлыбритания) қатысты.

Батыс Еуропа елдері екі түрлі агенттік құруға шешім қабылдады: бірі – ELDO (European Launcher Development Organisation) жүйесін әзірлеу, екіншісі – ESRO (European Space Research Organisation) ұйымы, яғни Еуропа ғарыш агенттігінің ізашарлары. ESRO 1964 жылы 20 наурызда құрылды, келісім 1962 жылы 14 маусымда бекітілген. 1968–1972 жылдар аралығында ESRO бірнеше табысты жобаларды жүзеге асырды. Жеті зерттеу серігі орбитаға шығарылды, олардың ұшырылуында америкалық тасымалдаушы жүйелер қолданылды, өйткені «Ариан» зымыран-тасығышы әлі жасалмаған еді.

ЕҒА қазіргі қалпында 1975 жылы ESRO мен ELDO біріктірілген кезде құрылды. ЕҒА-ның алғашқы мүшелері: Бельгия, Дания, Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Испания, Швеция, Швейцария және Ұлыбритания. Кейінірек оларға Ирландия (1980), Норвегия мен Аустрия (1987), Финляндия (1995), Португалия (2000), Грекия мен Люксембург (2005), Чехия (2008), Румыния (2011), Польша (2012), Мажарстан мен Эстония (2015) қосылды.

ЕҒА Конвенциясына сәйкес, агенттіктің қызметі Еуропа елдерінің ғарышты бейбіт зерттеу және ұзақмерзімді ғарыштық саясатты әзірлеу бағытында ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

Агенттіктің негізгі қызметтері:

Жақын және алыс ғарыш кеңістігін зерттеу; Микрогравитацияны зерттеу; Байланыс және навигация спутниктерін жасау; Зымыран-тасығыштар әзірлеу; Жердегі ғылыми-техникалық орталықтарды дамыту.

1975 жылы ЕҒА өзінің алғашқы ірі ғылыми миссиясын – Cos-B орбиталық обсерваториясын ұшырды. Бұл спутник Галактиканың қатты гамма-диапазондағы сәулелену карталарын жасауға мүмкіндік берді. Кейіннен түрлі мақсаттағы – метеорологиялық, навигациялық, телекоммуникациялық және астрономиялық спутниктер ұшырылды.

1979 жылы Куру ғарыш айлағынан алғашқы еуропалық «Ариан» зымыран-тасығышы ұшырылды. Содан бері осы серияның 216 табысты ұшырылымы жүзеге асырылды.

1990 жылы ЕҒА мамандарының қатысуымен жасалған америкалық Хаббл телескопы орбитаға шығарылды.

1995–1998 жылдары орбитада Инфрақызыл ғарыш обсерваториясы жұмыс істеді.

2005 жылы Галилео навигациялық серіктер жүйесі іске қосылды. Бұл жоба ресейлік ГЛОНАСС пен америкалық GPS жүйелерінің баламасы болып табылады.

2012–2014 жылдары ЕҒА Вега жеңіл зымыран-тасығышын төрт рет сәтті ұшырды.

2015 жылы агенттік IXV () эксперименттік көп рет қолданылатын ғарыш кемесін ұшырды. Бұл миссия барысында ғарыш аппараттарын жетілдіруге арналған озық технологиялық шешімдер сыналды.

2020 жылы ЕҒА жаңа зымырандар көмегімен ғарышқа өз бетінше басқарылатын ғарыш ұшуларды жоспарлап отырғанын жариялады. Бұл агенттіктің қарқынды дамып жатқан салада бәсекеге қабілетті болуға деген ұмтылысын көрсетті.

Мүше-мемлекеттер thumb|300px| thumb|300px| 2015 жылдың ақпанынан бастап ЕҒА құрамына 22 мүше-мемлекет кіреді. Төмендегі кестеде барлық мүше-мемлекеттер және олардың 2023 жылғы ЕҒА-ға қаржылық үлестері көрсетілген. Мүше-мемлекетЕҒА-ға қосылуҰлттық бағдарлама Салым(млн €) Салым(%) 30.10.1980 CNES 1000,9 20,4% 30.10.1980 DLR 1046,8 21,4% 30.10.1980 ASI 580,1 11,8% 30.10.1980 UKSA 609,6 12,4% 30.10.1980 INTA 285,7 5,8% 30.10.1980 BELSPO 260,0 5,3% 30.10.1980 SRON 95,6 2,0% 30.10.1980 SSO 184,5 3,8% 30.10.1980 SNSB 84,0 1,7% 30.10.1980 DNSC 35,1 0,7% 10.12.1980 SI 21,4 0,4% 30.12.1986 NSC 75,4 1,5% 30.12.1986 ASA 65,5 1,3% 01.01.1995 TEKES 39,0 0,8% 14.11.2000 FCT SO 30,8 0,6% 09.03.2005 ISARS 21,0 0,4% 30.06.2005 Luxinnovation 42,0 0,9% 08.07.2008 CSO 49,2 1,0% 23.12.2011 ROSA 56,4 1,2% 19.11.2012 POLSA 44,7 0,9% 04.02.2015 ESO 6,9 0,1% 24.02.2015 HSO 24,7 0,5%05.07.2016 3,4 0,1% 01.01.1979 CSA 19,0 0,4% 19.03.2023 1,1 <0,1%14.06.20223,0 0,1%28.04.20211,8 <0,1%Қалғандары 209,5 4,3%Барлық ЕҒАмүшелері7,08 млрд 100%

Мүше-мемлекеттердің шығындары Мүше-мемлекеттер 66,2% 28.05.2004 ESP 24,2%Eumetsat түрлі түрлі 1,8% Басқалар – – 7,8% Барлық ESA 7,08 млрд

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша ұйымдар Санат:Ғарыш агенттіктері