61-Мюнхен қауіпсіздік конференциясы — 2025 жылғы 14–16 ақпан аралығында Германияның Мюнхен қаласындағы Bayerischer Hof қонақүйінде өтті. Конференцияға шамамен 60 мемлекет пен үкімет басшылары, 150 министр және халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты. Іс-шара барысында Йенс Столтенберг конференцияның жаңа төрағасы ретінде Кристоф Хойсгенді алмастырды. Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп конференция аясында Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздерді өткізетінін жариялады. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс сөз сөйлеп, Еуропалық Одақ басшылығын сөз бостандығы мен демократиядан шегінгені үшін ашық сынға алды.Сокрушительная речь Ди Вэнса

Шара өтіп жатқан қонақүй жанында қауіпсіздік мейілінше күшейтілген. Тәртіпті бақылауға 5 мыңдай офицер жұмылдырылды.

Алғышарттар Мюнхенде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Конференция алдында қалада теракт орын алды: Ауғанстаннан келген мигрант көлікпен адамдарды қағып, кемінде 36 адам жарақаттанды.

Конференция басталардан екі күн бұрын, 2025 жылғы 12 ақпанда, Ресей мен АҚШ басшылары үш жылдағы алғашқы телефон арқылы әңгімесін өткізді. АҚШ президенті қызметіне екінші рет кіріскен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесті. Шамамен бір жарым сағатқа созылған әңгіме барысында Ресей-Украина соғысын реттеу және басқа да мәселелер талқыланды. Осы күні Трамп Украина президенті Володимир Зеленськиймен де телефон арқылы сөйлесті. Келесі күні ол Ресей, АҚШ және Украинаның Мюнхендегі келіссөздерін жариялады.

2025 жылғы Мюнхен қауіпсіздік конференциясының ұйымдастырушылары ресми сайтында бұл шараның «өзгерістердің шешуші кезеңінде» өтіп жатқанын атап өтті. Оған бірнеше маңызды саяси оқиға себеп болды: қаңтар айында АҚШ-тың жаңа әкімшілігі жұмысқа кірісті, Брюссельде Еуропалық Одақ басшылығының жаңа циклі басталды, ал конференциядан бір апта өткен соң Германияда парламенттік сайлау өтеді.

Бағыты 2025 жылғы Мюнхен қауіпсіздік конференциясының негізгі тақырыбы «Көпполярлану» болып жарияланды («Көпполярлылық» сөзінен туындаған жаңа саясаттану термині).

Конференция қарсаңында «Мюнхен қауіпсіздік баяндамасы» жарық көрді. Ол «Многополяризация» атауымен жарияланды. 151 беттен тұратын бұл құжат сегіз тараудан құралған, әр тарау белгілі бір елге немесе мемлекеттер тобына арналған. Үш тарау Батыс блок елдеріне – АҚШ, Еуропалық Одақ мемлекеттері және Жапонияға арналса, қалған бес тарау БРИКС-тің негізін қалаушы елдерге – Қытай, Ресей, Үндістан, Бразилия және Оңтүстік Африка Республикасына бағытталған.

Қатысушылар 2025 жылғы Мюнхен конференциясына 60-қа жуық мемлекет және үкімет басшылары, 150 министр мен халықаралық ұйым жетекшілері қатысуда.

Мюнхен конференциясының қатысушылары арасында: НАТО Бас хатшысы – Марк Рютте; АҚШ вице-президенті – Джей Ди Вэнс; АҚШ мемлекеттік хатшысы – Марко Рубио; Еуропалық кеңес төрағасы – Антониу Кошта; Еуропалық комиссия басшысы – Урсула фон дер Ляйен; Еуропарламент төрағасы – Роберта Метсола; БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары – Фолькер Тюрк және басқалар.

Ресейлік ресми тұлғалар 2022 жылдан бастап Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатыспайды. 2025 жылы форумға қатысудан Грузия да бас тартты.

Бағдарлама Конференцияны Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ашады.

Пікірталастар мен басқа да іс-шараларды төраға Кристоф Хойсген басқарады.

14 ақпанда талқыланатын тақырыптар қатарында жаһандық саясатты басқару, экономикалық ынтымақтастық, ядролық көпполярлылық, демократияның тұрақтылығы, климат мәселелері және жаһандық қауіпсіздікке түрлі сын-қатерлер бар.

15 ақпанда күн тәртібінде халықаралық тәртіптің жай-күйі мен трансатлантикалық серіктестіктің болашағы талқыланады.

16 ақпанда күн тәртібінде Еуропаның жаһандық саясаттағы рөлі қарастырылады. Сол күні Мюнхен конференциясының төрағасы ресми түрде ауысады: Кристоф Хойсгеннің орнына Йенс Столтенберг келеді.

Форум барысы Бірінші күн 61-Мюнхен қауіпсіздік конференциясы 14 ақпан күні таңертең жаңа АҚШ әкімшілігінің Таяу Шығыстағы саясатына, Еуропаның қорғанысын нығайтуға және көпполярлық жағдайындағы ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстелдермен басталды.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс өз сөзінде Еуропаның қауіпсіздігіне негізгі қауіп ретінде Ресейді, Қытайды немесе басқа сыртқы факторларды емес, оның іргелі демократиялық құндылықтардан алыстауын атады. Оның айтуынша, кейбір еуропалық саясаткерлердің мәлімдемелері «америкалықтарды таңғалдырады», әсіресе Румыниядағы президенттік сайлау нәтижелерін жоққа шығару туралы айтқандары. Вэнс Еуропаның өз сайлаушыларынан қорқатынын мәлімдеді. Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Вэнстің бұл сөздерін «қабылдауға келмейтін» деп атап, АҚШ вице-президентінің тек Германиядағы емес, бүкіл Еуропадағы демократияны күмәнге алғанын баса айтты.

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Қытай мен Ресей бір-бірімен сенімді серіктестік орнатқанын және үшінші елдерге қарсы бірлесіп әрекет етпейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Қытай барлық мемлекеттердің аумағының көлеміне қарамастан тең құқылы болуын қолдайтынын айтты.

Конференцияда сөйлеген сөзінде Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ Украинаның мүшелікке кіру процесін жеделдетуді көздеп отырғанын мәлімдеді.

Екінші күн Володимир Зеленський конференция барысында Дональд Трамптың Владимир Путинмен байланысын сынап, американдық президенттің алдымен «бізбен келісуі керек» екенін мәлімдеді. Бұдан басқа, ол АҚШ-ты Украинаның «төрт мың шаршы шақырым аумағын» жоғалтқаны үшін, сондай-ақ қару-жарақ жеткізудегі баяулығы үшін кінәлады.

Конференция жетекшісі Кристоф Хойсген баспасөзде ресейлік өкілдердің болмауына қатысты түсініктеме беруге мәжбүр болды, олар аккредиттелмегенін айтты. Сонымен бірге, ол Трамптың жариялаған Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың конференция аясында украин қақтығысын реттеу бойынша байланыстарынан хабардар екенін атап өтті және қорытындылады:...қалай болғанда да, осындай кездесу Мюнхен қауіпсіздік конференциясының алаңында, осында, Ваyerischer Hof-та болмайды. Мюнхенде өтіп жатқан қауіпсіздік конференциясында АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Украинаның Ресей бастаған соғысты аяқтау туралы келіссөздерге қатысатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты реттеуге ЕО өкілдерінің қатысуын қаламайтынын айтты.

Үшінші күн Финляндия президенті Александр Стубб Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде үш кезеңнен тұратын тұжырымдамасын ұсынды. Ол алдын ала келіссөздер, атысты тоқтату және тікелей бейбіт келіссөздер жүргізуді қамтиды. Финляндия президенті қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинаның Финляндияның тарихи тәжірибесін қайталамауын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Форумның жабылуында Мюнхен конференциясының төрағасы Кристоф Хойсген бұл конференция бастапқыда трансатлантикалық платформа ретінде жоспарланғанын айтты. Алайда, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің сөзінен кейін қатысушы мемлекеттер арасындағы ортақ құндылықтар әлсіреуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірді. Сөзінің соңында Хойсген эмоциясын ұстай алмай, көзіне жас алды.

Реакция : Польша премьер-министрі Дональд Туск қауіпсіздік жөніндегі форумның нәтижесін әлеуметтік желіде Мюнхен келісімімен салыстырды.

Финляндия президенті Александр Стубб конференцияны «дипломатиялық какофония» деп атады.

Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис Мюнхеннен «еңсесі түскен күйде» кететінін мәлімдеді.

Неміс саясаттанушысы Александр Рар 2025 жылғы Мюнхен конференциясы тарихта қалады деп санайды.

Bloomberg шолушысы Марк Чемпионның пікірінше, АҚШ-тың Еуропадағы одақтастарына жолдаған үндеуі НАТО-ны «клиникалық өлім» жағдайына алып келді.

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:2025 жылдағы Германия Санат:Халықаралық конференциялар Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі кезіндегі дипломатия