«Қожа. Жаңа саяхат» — бұл 1963 жылы түсірілген әйгілі «Менің атым Қожа» фильмінің заманауи жалғасы ретінде жасалған отандық туынды. Фильмді Қуат Ибрагимов режиссерлік етсе, сценарийін Садық Шерімбек жазған. Бұл шығармада Қожаның 8-сыныптағы өмірі мен оқиғалары суреттеледі.

Фильмнің түсірілімдері Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалаңаш және Саты ауылдарында өтті. Түсірілім жұмыстары бір айдан астам уақытқа созылды. Басты рөлді 15 жасар Айқын Елубай сомдады. Ол Шымкент қаласы маңындағы Ақбұлақ ауылының тумасы, қазіргі уақытта 9-сынып оқушысы. Айқынның айтуынша, ол актер болуды армандамаған, бірақ оның Қожаға ұқсастығы фильмді түсіру идеясының туындауына себеп болды.«Қожа. Жаңа саяхат» фильмі көрерменге жол тартады.

Фильмнің алғашқы көрсетілімі Алматы қаласында өтті. Көрермендер фильмді жылы қабылдап, әлеуметтік желілерде өз әсерлерімен бөлісті. «Қожа. Жаңа саяхат» фильмі Қазақстанның барлық кинотеатрларында 2025 жылдың 13 наурыздан бастап көрсетілді.Алматыда «Қожа. Жаңа саяхат» фильмінің тұсаукесері өтті.

Сюжеті 15 жасар Қожаберген өз армандарын жүзеге асыру үшін күресетін ерекше жасөспірім. Ол роман жазып, ең жас жазушы болуды қалайды. Әкесіне қатысты санасында сақталған естеліктер мен өмірдің әртүрлі әсерлерін шығармаларына арқау етуді мақсат етеді. Бірақ оның жолында әрдайым кедергілер пайда болып отырады. Қожа өзін түсінетін жан таппайды: анасы да, мұғалімдері де оның армандарын елемейді.

Сонымен қатар, Қожаның үйіне жиі келетін Қаратайды ол әкесінің орнын басатын «жау» ретінде көреді. Қаратай қара мотоциклмен келген сайын, Қожа оған қарсы әрекет етуге дайын тұрады. Жақын досы Сұлтанмен кездескен сәттерінде екеуі әрқашан қиын жағдайларға ұрынады. Қожаның Жанарға арнаған өлеңін Жантас тауып, сынып алдында мазақ етеді, бұл оның көңілін түсіреді. Осы оқиғалардың нәтижесінде, Қожа мен Сұлтан Қаратайдың мотоциклін ұрлап, қашып кетеді. Жолда досымен кикілжіңге түсіп, мотоциклді байқамай жарып жібереді. Бұл әрекеті бүкіл ауылдың назарын аударып, үлкендер Қожаның ісін ауыл жиынында талқыламақ болады.https://www.kinopark.kz/ru/movies/details/67b5778b36cd02b38187a917

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер ЭКСКЛЮЗИВ | Қожа. Жаңа САЯХАТ | КиноStar Абай Асылханмен.

Санат:Қазақ тіліндегі фильмдер Санат:Қазақстан кинокомедиялары