Ұлжан — Есіл алабындағы өзен, Терісаққанның сол жақ саласы. Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 53 шақырым.

Географиясы Ақшоқы тауының солтүстік-шығыс беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Солтүстікке қарай ағып, Терісаққан ауылынан 3 км. төменірек Терісаққан өзеніне құяды. Өзен бойында Сарытоған су қоймасы бар.

Жағасы жайдақ, арнасы ирелең. Көктемгі еріген қар және жерасты суымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекеленген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен алабында шабындық және жайылымдық жерлер көп, қыстаулар бар. Өзен суы ауызсуға, мал суаруға пайдаланыладыҰлы дала атаулары. Қарағанды облысы. Дереккөздер

Сілтемелер

Яндекс-Мапс Топографиялық карта m-42-20

Санат:Ұлытау ауданы өзендері