Мраморье немесе Багруша () — Сербиядағы Перучац елді мекенінде орналасқан ортағасырлық некрополь. Ол аймақтағы ең жақсы сақталған некропольдердің бірі болып табылады. Некрополь XIV ғасырда салынған және Дрина өзені мен оның аңғары бойымен өтетін жолдың арасында, кентке кіреберісте орналасқан. Бұл нысан Сербия Республикасының билігі тарапынан ерекше маңызды мәдени ескерткіш ретінде қорғалады, дегенмен бір жағынан Дрина өзенінен, екінші жағынан Перучац кентінің үздіксіз кеңеюінен қауіп төніп тұр.Памятники культуры Сербии: Некропола стећака (САНИ)

2016 жылы монументалды стечка құлпытастары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді, олардың үшеуі Сербия аумағында орналасқан, және солардың бірі — Мраморье некрополі.

Некрополь XIV ғасырда тұрғызылған бұл некрополь шамамен 200 қатты әктас материалынан жасалған құлпытасты қамтиды. Некропольден табылған ең ірі құлпытастардың ұзындығы 2 метрге жетеді, ал ені мен биіктігі шамамен 1 метрді құрайды. Бұрын дереккөздер 122 ескерткішті тіркеген, алайда соңғы мәліметтер бойынша олардың саны 93-ке жетеді. Олардың ішінде: 46 тақта, тіреуі бар 18-і айдарлы (гребень), тіреуі жоқ 10 айдарлы, тіреуі бар 7 саркофаг, тіреуі жоқ 10 саркофаг және 2 аморфты үлгі бар. Уақыт өте келе қабір үсті ескерткіштерінің кейбірі жылжытылған, ал кейбірі жерге батып кеткен. Кейбір нысандар мұражайларға тапсырылған (декорациясыз екі қабір үсті ескерткіші Белградтағы этнографиялық мұражайдың коллекциясында, ал біреуі Ужицедегі Ұлттық мұражайда сақтаулы).

Некропольдегі құлпытастар дұрыс қатарлармен орналасқан және, әдетте, шығыстан батысқа қарай бағытталған. Құлпытастарда оқуға келетін жазулар жоқ. Кейбір құлпытастар жақсы өңделген. Аздаған бөлігі ғана сәнделген, ал белгілі болған әшекейлеу мотивтеріне шеңберлер, Ай, сондай-ақ қылыштар мен қалқандар жатады.

Дереккөздер

Санат:Сербиядағы археологиялық нысандар Санат:XIV ғасырда салынған ғимараттар мен құрылыстар Санат:Сербиядағы ғимараттар мен құрылыстар Санат:Сербия зираттары Санат:Сербия сәулеті