Амангелді Қажыбайұлы Қажыбаев (23 шілде 1943, Комсомол ауылы, Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР — 6 қаңтар 2021) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері. Өскемен қаласы менен Тарбағатай ауданының құрметті азаматы.
Өмірбаяны 1962 жылы Өскемен қаласындағы №29 орта мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтына оқуға түсіп, 1967 жылы автоматика және телемеханика факультетін инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді.
1985 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.
Одан кейін Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Семей заң институтында заңгер мамандығы бойынша сырттай білім алды.
Ресей қауіпсіздік, қорғаныс және құқық тәртібі академиясының академигі, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының және Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.
Еңбек жолы 1967 жылы институтты бітіргеннен кейін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының БӨА және автоматика цехының электр сілесірі, шебер, пайдалану бөлімі басшысы болып жұмыс істей бастады.
1975 жылы мырыш өндірісі партия комитетінің хатшысы, ал 1977 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатындағы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.
1979 жылы Қазақстан КП Зырян қалалық комитетінің екінші хатшысы болып сайланды.
1987 жылы Зырян қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
1989 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің қадағалаушысы болды.
1989-1991 жылдары Өскемен қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды.
1991 жылы Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы болып сайланды.
1991 жылы «Крамдс-Цветмет» АҚ президенті болып тағайындалды.
1992 жылы Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
1994 жылы наурызда Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Бақылау палатасының төрағасы болып сайланды.
1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі таратылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы, одан кейін мемлекеттік органдардың құрылымының қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және өнеркәсіп министрлігінің қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеттің төрағасы болып тағайындалды.
1997 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
1999 жылдың қараша айынан бастап «KEGOC» ААҚ Астана қаласы бойынша президент кеңсесінің жетекшісі болып жұмыс істеді.
2001 жылдың ақпанынан 2002 жылдың қарашасына дейін — Шығыс Қазақстан облысы әкімі Виталий Меттенің орынбасары қызметін атқарды.
2002 жылы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.
2004 жылдың 15 қаңтарынан 2005 жылдың қаңтарына дейін — Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен қаласының әкімі болды.
2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың мамырына дейін — Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылдың 28 мамырынан — «Атамекен» Одағының ШҚО филиалының төрағасы.
Қоғамдық қызметі Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII сайланым депутаты (1994-1995). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Бақылау палатасының төрағасы болып сайланды.
Марапаттары «Құрмет» және Ю. В. Андропов (Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық тәртібі мәселелері академиясы) ордендерімен, 2003 жылы ҚР Президентінің «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталған.
ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Амангелді Қажыбайұлы «Өскемен қаласының әкімі» атаулы медалімен марапатталды.
Өскемен қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы 33/8 шешімімен Амангелді Қажыбайұлына «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.
Отбасы Әйелі — Құдабаева Бану, 1945 жылы туған, мамандығы — дәрігер.
Қызы — Қажыбаева Әсел Амангелдіқызы, 1982 жылы туған — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (ҚМЭБИ) магистратурада оқыды.
Дереккөздер
Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Өскемен әкімдері Санат:Семей әкімдері Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Өскеменнің құрметті азаматтары Санат:Тарбағатай ауданының құрметті азаматтары