Талғат Батырұлы Мұратов (28 қаңтар 1972 жыл, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекет қайраткері, Семей қаласының бұрынғы әкімі (2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы тамызға дейін).

Өмірбаяны 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.

2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалаушы» мамандығы, 2015 жылы — Қазақстан инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы, 2018 жылы — Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технология» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы «Стройдеталь» компаниясында атқарушы директор болып бастады.

2006-2007 жылдары — «Семей сельхозтехника» ЖШС экономисті болып жұмыс істеді.

2007-2010 жылдары — «Комфорт-Экспресс» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары — «Тау-кен механикалық құрылғыларының конструкторлық бюросы» ЖШС директоры болды.

2012-2014 жылдары — «Шығыс Самғау» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымында еңбектенді.

2014 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында — «АТФ Банк» АҚ Семей филиалындағы Бөлшек сауда орталығының бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2014-2015 жылдары — Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары — Жарма аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы болды.

2018-2022 жылдары — Жарма ауданы әкімінің орынбасары ретінде еңбек етті.

2022-2024 жылдары — Бесқарағай ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2024 жылы 23 желтоқсанда Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.

2025 жылы 18 тамызда Абай облысының әкімі Талғат Батырұлының мерзімінен бұрын қызметтен кеткенін мақұлдады. Бұл ақпарат 29 тамызда ғана белгілі болды.

Дереккөздер

Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының түлектері Санат:Семей әкімдері Санат:Бесқарағай ауданы әкімдері