Тебет өзені — Қопа өзенінің оң жақ салаларының бірі. Ұзындығы 28 шақырым. Су жинайтын алабы 75 км². Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағадыТопографиялық карта: k-43-020.

Сипаттамасы

Географиясы Тарғап аулының солтүстік батысындағы қыраттардан бастау алады. Сай-салаға жиылған сулармен толығып, солтүстікке қарай ағады. Бастауының маңында Тебет қыстағы бар. Дегерес өзені қатты тасыған жылдары Тебет арнасына құйылады.

Бастауынан 5 шақырымнан соң кішірек су тоғаны қоймасы бар. Сағасына үнемі жете бермейді, жаз айларында үзік-үзік қарасуларға айналып, ал құрғақшылық жылдары мүлде тартылып қалады. Төменгі арнасы батпақты. Қопа бекетінің батысында Қопа өзеніне құяды.

Жағалауы Жағалауы шалғынды, бұталы, мал жайылымына өте қолайлы. Тебетке көптеген бұлақтар келіп қосылады, олардың көбі тартылып, құрғақ арнаға айналып қалады.

Жағалауында қыстақтар көп, және бірнеше дала пункттері орналасқан, құдықтар, мал жайылымдары, егіс алқаптары бар. Дереккөздер

Әдебиет

КСРО су ресурстары. 13 том. Орталық және Оңтүстік Қазақстан. 2 шығарылым. Орталық Қазақстан. Балқаш өзені алабы. / ред. Л. А. Гапонов, К. Н. Шадских. — Л.: Гидрометеоиздат, 1967. — 304

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері