Нұрафшан () — Облыстық бағыныстағы қала, Өзбекстанның Ташкент облысының әкімшілік орталығы.
Географиялық орны Нұрафшан қаласы Тойтепе темір жол станциясынан 4 км жерде, Ташкент-Қоқан тас жолының бойында, Ташкенттен оңтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Нұрафшан — шағын қала. Ол халық саны бойынша өз елінде (Өзбекстан) 108-ші орында және өз аймағында (Ташкент облысы) 18-ші орында. Оның жаһандық рейтингі шамамен 17 878-ші орында.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Піскент (16 км), Жаңажол (26 км), Гүлбахар (27 км), Алмалық (28 км), Ахангаран (28 км), Бөке (28 км), Красногорск (29 км), Ташкент (30 км), Аққорған (32 км), Жаңабазар (33 км), Салар (36 км), Паркент (38 км), Қыбрай (39 км), Досабат (41 км), Келес (42 км), Алмазар (43 км), Сарыағаш (48 км, Қазақстан), Шыназ (51 км), Шыршық (53 км).
Тарихы 1973 жылы қала мәртебесін алды. 2017 жылға дейін Тойтепе деп аталды және Орташыршық ауданындағы (бұрынғы Среднечирчик ауданы) аудандық бағынысты қала болды. 2017 жылдың 25 тамызында Өзбекстан Республикасы Мажлисінің Сенаты өзінің жалпы отырысында Тойтепе қаласының атауын Нұрафшан деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
Экономикасы және инфрақұрылымы Нұрафшанның экономикасы ең алдымен ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке негізделген. Қала маңында кең мақта алқаптары, астық және басқа да дақылдар өсіріледі. Қалада азық-түлік, тоқыма және құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындары бар өнеркәсіп саласы дамыған. Нұрафшан Ташкент облысының орталығына айналғаннан бері мұнда ондаған ірі мемлекеттік және жеке ұйымдар мен кәсіпорындар өз жұмысын бастады. Ташкент облысында бірнеше ірі банктер филиалдарын ашты.
Дереккөздер
Санат:Ташкент облысы қалалары