Бокстан әлем чемпионаты 2025 — Халықаралық бокс қауымдастығы IBA басшылығымен ұйымдастырылған ерлер арасындағы 23-бокстан әлем чемпионаты. Чемпионат 2025 жылдың 3-13 желтоқсан күндері Біріккен Араб Әмірліктерінде Дубай қаласындағы Tennis Stadium аренасында өтті.
Әлем чемпионатында тарихтағы ең қомақты жүлде қоры — 8 миллион АҚШ долларына — таласады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазына 300 000 АҚШ доллары, күміс жүлдегерге 150 000, қола жүлдегерге 75 000, ал бесінші орындағы екі адамға 10 000 доллар табысталды. Қаржы қаражатын бөлу жүйесі: жалпы соманың 50%-ы спортшының өзіне, 25%-ы жаттықтырушыға, ал қалған 25%-ы ұлттық федерацияға тиесілі.
Чемпионатпен қатар IBA Congress, IBA Pro Event және Global Boxing Forum сияқты салалық жиындар өтті.
Тарихы IBA ұйымдастыруымен алдыңғы әлем чемпионаты 2023 жылы Ташкент қаласында өтті. Ол турнирге 107 елден 538 спортсмен қатысты. Боксшылар 13 салмақ дәржесе бойынша медальға таласты. Турнирдің жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрады.
2025 жылы IBA мен World Boxing бір-бірінен тәуелсіз әлем чемпионаттарын өткізуде. Қазіргі кезде екі ұйым да спортшыларға қарсылас құрылымның жарыстарына қатысуға тыйым салмайды, сондықтан спортшылар екі жарысқа да қатыса алады. 2025 жылдың наурыз айында IBA әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізді, қыркүйекте World Boxing ерлер мен әйелдер біріктірілген турнир жасады. Ал желтоқсанда IBA ерлер арасындағы чемпионатты өткізді.
Турнир 2-желтоқсан күні басталуы тиіс болатын, бірақ БАӘ Қырғызстан спортшыларына виза берілмегендіктен олар уақытылы ұшып шыға алмады. IBA басшылығы БАӘ спортшыларға қолдау көрсетуді сұрады. Сондықтан турнирдің ашылу салтанаты бір күнге шегерілді. Қырғызстан командасынан бөлек мұндай қиындықтар басқа 46 команда да болғаны хабарланды.
Қатысушылар World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатында 540 спортшы (68 ел) қатысса, IBA чемпионатына 428 боксшы (107 ел) тіркелді. Маңызды айырмашылық — Ливерпульде ерлер мен әйелдер, ал Дубайда тек ерлер арасында жарыстар өтті.
IBA чемпионатындағы қатысушылардың шамамен үштен бірі — Африка елдері (107 елдің 35-і). Сонымен қатар боксы дамымаған немесе шектеулі елдер де болды (Ауғанстан, Фиджи, Кук аралдары, Француз Полинезиясы, Сент-Люсия және т.б.).
IBA турнирінде Еуропа елдерінің үлесі 26%, ал World Boxing чемпионатында 50% болды. Дубайға АҚШ, Англия, Ирландия, Украина, Түркия, Италия және Франция құрамалары келген жоқ. Кейбір батыс елдерінің өкілдері IBN белгісімен жеке тәртіпте қатысқанымен, олардың ешқайсысы шешуші кезеңдерге жете алмады. Тек Пуэрто-Рико мен Колумбиядан келген екі боксшы ғана ширек финалға шықты.
Африка елдері, «экзотикалық» мемлекеттер және IBN мәртебесімен келген қатысушыларды қосқанда, IBA чемпионатындағы үлес 49,3%-ды құрады. World Boxing турнирінде бұл көрсеткіш 5%-дан төмен болды.
2025 жылғы IBA нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионатында Ресей құрамасы турнирге ең мықты құрамын апарды.
Қазақстан құрамасы екінші нөмірлі боксшылармен өнер көрсетті. Қазақстан сапында World Boxing ұйымдастырған Ливерпульдегі әлем чемпионатына қатысқан екі ғана боксшы болды — Ертуған Зейнуллинов пен Сабыржан Аққалықов. Ливерпульде олар ерте кезеңдерде жарыстан шығып қалса, Дубайда жүлделі орындарға жетті: Аққалықов — алтын, Зейнуллинов — қола медаль иеленді.
Турнирдің тағы бір фавориті саналатын Өзбекстан құрамасы құрамында 2025 жылғы алты әлем чемпионыжәне үш Олимпиада чемпионы бар күшті команданы ұсынды. Ресей құрамасының негізгі бәсекелесі ретінде бағаланған Өзбекстан Ливерпульде өткен World Boxing чемпионатында Қазақстанмен бірге барлық алтын медальдарды бөліскен (Өзбекстан — 6, Қазақстан — 4).
Куба құрамасы Дубайға қысқартылған құраммен (төрт боксшы) келді. Олардың қатарында екі дүркін Олимпиада чемпиондары Арлен Лопес пен Хулио Сесар де ла Крус болғанымен, бұл Ливерпульдегі World Boxing чемпионатымен салыстырғанда екі есе аз көрсеткіш болды (онда Олимпиада чемпионы Эрисланди Альварес те қатысқан).
IBA чемпионатында жүлдегерлердің 86,5% посткеңестік елдерге тиесілі болды. Қалған 13,5% медальдар Куба, Замбия, Испания және Мали спортшыларына бұйырды.
World Boxing чемпионатында посткеңестік елдердің жүлдегерлер үлесі 37,5% болды. Алайда бұл көрсеткіштің басым бөлігі Өзбекстан мен Қазақстан құрамаларының нәтижелеріне байланысты қалыптасты. Дубайдағы IBA чемпионатында алтын медальдарды төрт ел ғана жеңіп алды: Ресей (7), Қазақстан (3), Өзбекстан (2) және Әзербайжан (1). Бұл көрсеткіш турнирде ТМД елдерінің басымдығын көрсетті.
Регламент және салмақ дәрежелері Турнирде 13 салмақ дәрежесі болды — бұл Олимпиададағы жеті салмақтан едәуір көп және World Boxing чемпионатымен салыстырғанда үш дивизионға артық. IBA басшылығы келесі чемпионатта салмақ санын 14-ке дейін арттырып, 100 кг санатын енгізуді ұсынды.
Медаль кестесі +Медаль кестесіОрынЕлАлтын 🥇Күміс 🥈Қола 🥉Барлығы17511323126324394102350112501127010180055900229002290022120011120011120011120011120011
Финал ойындар +Чемпионат әлемі 2025 (IBA). Финалдық жекпе-жектерСалмақ дәрежесі1-боксшыНәтиже2-боксшы48 кг Субхан Мамедов4:3 Эдмонд Худоян51 кг Хасанбой Дусматов4:1 Баир Батлаев54 кг Сәкен Бибосынов5:2 Вячеслав Рогозин57 кг Оразбек Асылқұлов5:0 Хусравхон Рахимов60 кг Всеволод Шумков4:3 Абдумалик Халоков63,5 кг Илья Попов5:0 Омар Ливаза67 кг Асадхуджа Муйдинхуджаев5:0 Евгений Кооль71 кг Абылайхан Жүсіпов4:1 Сергей Колденков75 кг Исмаил Муцольгов5:0 Сабыржан Акқалықов80 кг Джамбулат Бижамов5:0 Жавохир Умматалиев86 кг Шарабутдин Атаев5:0 Алексей Алферов92 кг Муслим Гаджимагомедов5:0 Турабек Хабибуллаев92+ кг Давид СураевTKO (2) Арман Маханов
Қазақстан құрамасы Дубайдағы турнирге Ливерпульде өткен әлем чемпионатында алтын алған чемпиондар бармайтындығы алдын ала хабарланды. Бірақ IBA жариялаған тізімде ағайынды Оралбайлар да қатысушылар тізімінде айтылды. Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенев бірінші нөмір саналмайтын тәжірибелі боксшыларға да өздерін көрсетіп, табыс табуға мүмкіндік беруді мақсат ететінін айтты. Жаңа маусымнан бастап Қазақстан ішінде IBA мен World Boxing турнирлері тең дәрежелі саналмауы ықтимал. Мемлекет қазынасынан тек World Boxing жарыстарындағы медальдерге сыйақы төленеді.
Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына екінші командамен қатысты. Құрамда World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпиондары — Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай болған жоқ. Сонымен қатар соңғы жылдары ұлттық құраманың тірек боксшылары саналған Нұрбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов және Сағындық Тоғамбай да турнирге қатыспады.
Құрамдағы негізгі тұлғалардың бірі — 37 жастағы Теміртас Жүсіпов болды. Ол 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында сәтсіз өнер көрсеткеніне қарамастан, 48 кг салмақ дәрежесінде мол тәжірибесі бар және осы санатқа ұзақ уақыт бойы бейімделген боксшы ретінде таңдалды. Бұл салмақта көптеген қазақстандық боксшылардың 50–51 кг санатына ауысқанын ескерсек, Жүсіповтің тәжірибесі шешуші фактор ретінде қарастырылды.
54 кг салмақ дәрежесінде Токио–2020 Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов өнер көрсетті. Ол кәсіби бокста сәтті дебют жасап, қазіргі таңда әуесқой және кәсіби мансапты қатар алып жүр. Семей қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Бибосынов жеңімпаз атанды.
57 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын Оразбек Асылқұлов қорғады. Ұзақ уақыт бойы Серік Теміржанов пен Махмұд Сабырханның көлеңкесінде жүрген Асылқұлов ұлттық құрамаға Қарақожа Абдаллиевті еске алу турнирінде Сабырханды жеңгеннен кейін қайта оралды. Ол Азия чемпионаты–2024 іріктеуінен өткенмен, ширек финалда жеңіліп, позициясын уақытша жоғалтты. Алайда 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында тұрақты өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды және құрамға қосылды.
Санатали Төлтаев (67 кг) пен Абылайхан Жүсіпов (71 кг) кәсіби бокстан кейін әуесқой деңгейге қайта оралып, ұлттық құрамамен өнерін жалғастырды. Екеуі де Қазақстан чемпионатында қатаң іріктеуден өтті.
Төлтаев 2024 жылғы Қазақстан чемпионатында Төрехан Сабырханға жол берсе, Жүсіпов Париж–2024 Олимпиадасындағы Аслан Шымбергеновтің сәтсіздігінен кейін құрамадағы орнын нығайтты және Азия чемпионы–2024 атанды. Кейінірек Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінде сәтсіздікке ұшырап, көшбасшылықты World Boxing 2025 әлем чемпионатының чемпионы Торехан Сабырханға берді.
Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) пен Сабыржан Аққалықов (75 кг) бір жыл ішінде екінші әлем чемпионатына қатысты. Алдыңғы турнирде Зейнуллинов Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен жекпе-жекте жеңістен айырылса, Аққалықов алғашқы айналымда жеңілген болатын. 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында Аққалықов барлық жекпе-жегін сенімді өткізіп, турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Бұл нәтиже оның ұлттық құрамадағы орнын қайта қалпына келтірді.
Ерасыл Жақпеков (81 кг) пен Даулет Төлемісов (86 кг) үшін бұл турнир өзін көрсетуге берілген маңызды мүмкіндік болды. Жақпеков ұзақ уақыт бойы Нұрбек Оралбайдың көлеңкесінде қалып келсе, ел чемпионатында оның орнын алмастыра алатынын дәлелдеді. Төлемісов бұған дейін кәсіби бокстан оралған Бекзад Нұрдәулетовпен бәсекелестікте ұтылып жүрген еді. Алайда Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісі және Қазақстан чемпионы атануы оның құрамаға таңдалуын айқындады. +Қазақстан құрамасыСалмақ дәрежесіСпортшы48 кг Теміртас Жүсіпов🥉51 кг Даниял Сәбит1/454 кг Сәкен Бибосынов🥇57 кг Оразбек Асылқұлов🥇60 кг Нұрлан Сапарбай1/463,5 кг Серік Теміржанов1/467 кг Санатали Төлтаев1/471 кг Абылайхан Жүсіпов🥇75 кг Сабыржан Аққалықов🥈80 кг Ертуған Зейнұллинов🥉86 кг Ерасыл Жақпеков1/892 кг Нұрмагамед Юсупов1/892+ кг Дәулет Төлемісов1/8
Өзбекстан құрамасы +Өзбекстан құрамасыСалмақ дәрежесіСпортшы48 кг Шавкатжон Болтаев51 кг Хасанбой Дусматов🥇54 кг Фазлиддин Эркинбоев🥉57 кг Саят Ильясов60 кг Абдумалик Халоков🥈63,5 кг Асильбек Жалилов🥉67 кг Асадхужа Муйдинхужаев🥇71 кг Хужаназар Нортожиев🥉75 кг Арман Маханов🥈80 кг Жавохир Умматалиев🥈86 кг Акмальжон Исроилов92 кг Турабек Хабибуллаев🥈92+ кг Шодийоржон Меликузиев Турнир барысында командаға бас жаттықтырушы Тұлқын Киличев жетекшілік етті. Жаттықтырушылар штабының құрамына Хуан Энрике Стейнерс, Рахматжон Рузиохунов, Акмал Хасанов, Нодир Гуломов, Даврон Гафуров, Алимардон Достанов, Шерзод Ахмаджонов, Ботиржон Махмудов және Ганижон Юсупов кірді.
Ресей құрамасы +Ресей құрамасыСалмақ дәрежесіСпортшы48 кг Эдмонд Худоян🥈51 кг Баир Батлаев🥈54 кг Вячеслав Рогозин🥈60 кг Всеволод Шумков🥇63,5 кг Илья Попов🥉67 кг Евгений Кооль🥈71 кг Сергей Колденков🥇75 кг Исмаил Муцольгов🥇80 кг Джамбулат Бижамов🥇86 кг Шарабутдин Атаев🥇92 кг Муслим Гаджимагомедов🥇92+ кг Давид Сураев🥇
Финалдық жекпе-жектер
54 кг салмақ дәрежесіндегі финал Финалда Қазақстан өкілі Сәкен Бибосынов пен Ресей құрамасының боксшысы Вячеслав Рогозин кездесті.
Жекпе-жектің бірінші раундында төрешілердің шешімімен Рогозин 3:2 есебімен басым түсті. Екінші раундта Бибосынов соңғы секундтарда нокдаун жасап, раундты 5:0 есебімен өз пайдасына шешті. Үшінші раунд қарсаңында екі төреші карточкасында Бибосынов алда болса, қалған үш карточкада тең нәтиже тіркелді. Осыған байланысты жекпе-жек қорытындысын анықтау үшін қосымша төрешілердің бағалауы қажет болды.
Нәтижесінде Сәкен Бибосынов жекпе-жекте 5:2 есебімен бөлінген шешім арқылы жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Осы жеңісінің арқасында ол екінші рет әлем чемпионы болды.
Сәкен Бибосынов (28 жас) бұған дейін де әлем чемпионаттарында жүлде алған: 2021 жылы – алтын, 2019 жылы – қола медаль иеленген. Оның спорттық мансабындағы басты жетістіктерінің бірі — 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі. 2025 жылғы әлем чемпионатында Бибосынов жолдама кезеңдерінде Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецені, Танзания боксшысы Факи Факи Исуды, Замбия спортшысы Мвенго Мвалені және Непалдан Тапу Чандра Бахадурды жеңді.
Вячеслав Рогозин (19 жас) финалға дейінгі жолында Руанда боксшысы Айме Иранезезуды, Қырғызстан өкілі Санжай Сейдекматовты, Испания спортшысы Рафаэль Лосано Серханоны және Азия чемпионы – 2024 атағының иегері, Өзбекстан боксшысы Асилбек Жалиловты жеңіп, финалға шықты.
57 кг салмақ дәрежесіндегі финал