Шаларан — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы құдық.

Атаудың сөзжасамдық сипаты Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Шал (зат есім) және аран (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған гидроним. Э.Мурзаев «чал – «тас», - деп көрсетсе, Азербайжан топонимиясында чал – «құдық» делінген. Сонымен қатар «Шал деген ата аңды аранда қамап ұстаған. Шаларан деген жер аты осы күнге дейін сақталған» деген мәліметте те кездеседі. Дегенмен атаудың мағынасы «тасты ойыстан қазылған құдық».

Дереккөздер

Санат:Қазақстан құдықтары Санат:Бейнеу ауданы географиясы