Раушан Сапарханқызы Елмұрзаева — саясаттану ғылымының докторы (2009), доцент (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 10 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Арыс қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1988, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) жəне аспирантурасын (1993) бітірген. 1988 жылдан қазіргі күнге дейін Еуразия ұлттық университетінде қызмет етеді.

Ғылыми еңбектері Негізгі ғылым бағыты – халықаралық қатынастар тарихы, Қазақстан–Германия қатынастары, Германияның сыртқы саясаты, көші-қон үдерістері мəселелеріне арналған. "Қазақстан-герман қатынастарындағы көші-қон саясатының мəселелері: саясаттанушылық талдау" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

Марапаты Жас ғалымдардың Президенттік сыйлығы лауреаты (1998).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6. "ЕҰУ-не 25 жыл" медалі (2021).

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме https://enu.kz/kz/portfolio/b75417e9e9bc24c37bab4511c41630996cb87564ac65

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Саясаттану ғылымдарының докторлары