Әбілғазы хан (Әбілғазы Мұхаммед Баһадүр хан, ) — өзбектердің Аштархан әулетінен шыққан Бұхара хандығының соңғы номиналды ханы (1758—1785).

1758 жылы өзбектің маңғыт әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахым хан қайтыс болғаннан кейін, оның артында ұл бала қалмауына байланысты, хандар болып алдымен оның қызынан туған немересі — Фазыл би (1758–1758), одан кейін аштархандық Әбілғазы хан (1758–1785) сайланды. Алайда мемлекеттегі іс жүзіндегі билік аталық лауазымын қанағат тұтқан Мұхаммед Рахым ханның ағасы — Даниял бидің қолында болды.

Әбілғазы хан билік еткен кезеңінде мемлекеттік істерге мүлдем араласқан жоқ. Ол тек ресми құжаттарға өз мөрін басып отырды және теңгелер оның атынан шығарылды.

Даниял би мен Әбілғазы хан қайтыс болғаннан кейін, Даниял бидің ұлы Шахмұрат мемлекетті «әмір» лауазымымен басқара бастады. Осыдан кейін Бұхара әмірлері таққа жасанды (номиналды) хандарды отырғызуды тоқтатты.

​Әбілғазы 1795–1796 жылдары Уәбкентте қайтыс болды.

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Бұхара хандығы Санат:Аштархан әулеті