Людмила Васильевна Сафронова — филология ғылымының докторы (2007), профессор (2008).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1964 жылы 16 қыркүйекте Алматы қаласында туған.

ҚазПИ-ді (1985, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) және аспирантурасын (1992) бітірген. 1992 жылдан осы университетте оқытушы, профессор қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Постмодернистік прозадағы автор және кейіпкер" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 300-ден астам жарияланымның, оның ішінде 1 монография, 3 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапттары "Таң-Шолпан" журналының "Қазақстандағы 2005 жылғы үздік сын мақаласы" сыйлығы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2007, 2012); Гранада университетінде бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" конкурсының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стипендиясы (2010-2011); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасындағы рухани даму мен білім беруге қосқан үлесі үшін грамотасы (2017); Әдеби сын санатындағы Qalamdas әдеби сыйлығы (2022).Сафронова Людмила Васильевна.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Гамбургский научно-технический семинар.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары