Федор Кузьмич Шубин ІІ (1783 – 1832Орыстармен қаланған Қазақстан қалалары) — Наполеон соғыстары кезіндегі әскери барлаушы, зерттеуші, полковник. Ақмола бекінісінің негізін қалаушысы.Федор ШубинАқмола Тарихы
Әскери жұмысы
16 жасында, ақсүйек отбасында дүниеге келгендіктен, Омбы кадет корпусы жүйесі арқылы кіші-лейтенант атағын алады. 1806 жылдың тамыз айында Селенгинск полкінің сегіз ротасы негізінде Якут жаяу әскер полкі құрылды. Федор Шубин де осы жаңа әскери бөлімнің құрамына кірді. Якут полкімен бірге Шубин 1806–1807 жылдардағы Пруссия жорығына қатысуға сәл ғана үлгермей қалды: якуттықтар князь Дмитрий Лобанов-Ростовский басқарған 17-жаяу әскер дивизиясының құрамында болды. Бұл дивизия Фридланд шайқасынан кейін ғана Пруссияға кіріп, әскери қимылдарға қатысқан жоқ.
Осыдан кейін Якут полкі түріктерге қарсы көптеген соғыстарға қатысты. Алайда Шубин бұл уақытта Мәскеуде қызмет етті. 1811 жылдың қазан айында, штабс-капитан шенінде жүрген Шубин генерал Неверовский басқарған 27-жаяу әскер дивизиясының құрамындағы 50-ші егер полкінің 3-батальонына қарасты роталардың бірінің командирі болды.
Ақмола
XIX ғасырдың 20-30-ші жылдарында Сармырза Ханнәбиұлы (1786-1838) Шұбыртпалы руын басқарған. Шубин Ақмола қазақтарын Ресей қарамағына қосу үшін Шұбыртпалы көлдің бойында отырған Шұбыртпалы рубасшысы Сармырза биге және басқа ел ақсақалдарына елші жібереді. Бұл 1830 жылы 29 шілде айында Шубиннің Омбы бастығына жолдаған рапортынан көрінеді: «Ресейдің жаңа басқармасы қарамағына қосылуға Шұбыртпалы, Тоқтауыл, Алшын, Тама, Көксал болыстары билеріне шақыру хаттарымен іссапарға жіберілген урядниктер Чириков пен Сорокин Қоңырқұлжа Құдайменді және Ғұбайдолла Уәлиев сұлтандарының басшылары қасында маған қаратып мынаны жеткізді: Шұбыртпалы болысының биі Сармырза, Тоқтауылдан Жүзбай, Қожақ және Құнанбай, Алтай болыстары отрядта болуға уәде беріп еді, алайда осы уақытқа дейін әлі ешкім келмеді»
Дереккөздер
Санат:Полковниктер Санат:Ресей әскери тарихы Санат:Әскери барлау