Романтикалық фильм () — басты кейіпкерлердің құштарлығына, сезімдеріне және романтикалық қарым-қатынастарына бағытталған, кинотеатрларда немесе теледидарда көрсету үшін түсірілген визуалды махаббат хикаяларын қамтитын кино жанры. Әдетте мұндай туындыларда кейіпкерлердің танысу, кездесу немесе неке қию кезеңдері сипатталады. Бұл фильмдердің негезігі сюжеттік желісі шынайы махаббатты іздеуге негізделеді. Кейде ғашықтар өз жолында қаржылық қиындықтар, ауру-сырқауларға ұшырау, кемсітушіліктің әртүрлі түрлері, психологиялық кедергілер немесе отбасының қарсылығы сияқты кедергілерге тап болады. Барлық күшті, терең және жақын романтикалық қарым-қатынастардағы сияқты, күнделікті өмірдің қиындықтары, опасыздыққа бару және екі ғашықтың мінездерінің сәйкес келмеуі сияқты мәселелер романтикалық фильмдердің сюжетіне еніп отырады.
Жанрдың тақырыптық ерекшеліктері Романтикалық фильмдер көбіне бір көргеннен оянған махаббат, жастар мен ересектер махаббаты, жауапсыз сезім, құштарлық, сезімтал махаббат, рухани махаббат, тыйым салынған махаббат, платоникалық сезім, сексуалдық және жалындаған құштарлық, жанқиярлық махаббат, жойқын махаббат және трагедиялық махаббат сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді. Романтикалық фильмдер көрермендер үшін үлкен қиял әлемі мен демалыс орны қызметін атқарады. Әсіресе, екі басты кейіпкер барлық қиындықтарды жеңіп, бір-біріне махаббатын білдіріп, «мәңгі бақытты» өмір сүрген сәттері көрерменді баурап алады. Бұл бақыт көбіне олардың қайта қауышуымен және соңғы сүйісу сәтімен аяқталады. Романтикалық телесериалдарда мұндай қарым-қатынастар көптеген сериялар бойы дамуы мүмкін немесе әртүрлі кейіпкерлер әртүрлі романтикалық желілерде бір-бірімен байланысып жатады.
Супержанр ретінде танылуы Сценарийші әрі ғалым Эрик Р. Уильямс өзінің сценаристер таксономиясында романтикалық фильмдерді он бір супержанрдың бірі ретінде анықтайды. Ол барлық толықметражды көркем фильмдерді осы супержанрларға жіктеуге болатынын алға тартады. Оның пайымдауынша, қалған он супержанрға экшн (атыс-шабыс), криминал, фэнтези, қорқынышты (хоррор), ғылыми фантастика, комедия, спорт, триллер, соғыс және вестерн жатады.
Дереккөздер
Санат:Кино жанрлары Санат:Романтикалық фильмдер