Ақдере ауданы () — Әзербайжанның оңтүстік-батысындағы аудан. Әкімшілік орталығы — Ақдере қаласы. Мемлекеттік статистика комитеті мәліметі бойынша, 2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ауданда 12 100 адам тіркелген.

Географиялық орналасуы Ақдере ауданы таулы аймақта орналасқан, ал шығыс бөлігі жазық және пайдалы қазбаларға бай. Аудан аумағының 44 пайызын ормандар алып жатыр. Негізгі өзендер — Тертерчай және Хачинчай. 1976 жылы Тертерчай өзенінде Сарсанг су қоймасы құрылды.

Қаңтардағы орташа температура 1°C-тан -10°C-қа дейін, шілдеде 25°C-тан 10°C-қа дейін. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400-ден 900 мм-ге дейін.

Тарихы Аудан алғаш рет 1930 жылы 8 тамызда Кеңестік Әзербайжандағы Таулы Қарабақ автономиялық облысының құрамында Джраберд ауданы ретінде құрылды. 1939 жылы 17 қыркүйекте ол Мардакерт ауданы болып өзгертілді. Ақдере ауданы 1993 жылдың 7 шілдесінде Армения қарулы күштерімен басып алынды. Басып алу кезінде бірқатар елді мекендер, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, тарихи және сәулет ескерткіштері қиратылып, иемденіп алынды. 2023 жылдың 20 қыркүйегінде Әзербайжан армиясының Қарабақтағы жергілікті терроризмге қарсы шараларының нәтижесінде Ақдере қаласы заңсыз қарулы топтардан тазартылды. 2023 жылдың 15 қазанында Президент Ильхам Әлиев Ақдере қаласында Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туын көтерді.

Экономикасы Мұндағы негізгі қызмет түрлері — егіншілік, мал шаруашылығы және құрылыс материалдарын өндіру. Жаңатағ ауылында «Демирли» тау-кен өңдеу кешені жұмыс істейді. Кешен мыс концентратын өндіреді.

Дереккөздер

Санат:Әзербайжан аудандары