«Украиналық Нафтогаз» () — мұнай және табиғи газды өндіріп, тасымалдайтын және қайта өңдейтін Украинаның мемлекеттік компаниясы.
Нафтогаз Украина үкіметіне бағынады. Тігінен интеграцияланған бұл компания табиғи газ бен шикі мұнайды барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеудің, сондай-ақ тұтынушыларға табиғи және сұйытылған газ жеткізудің толық циклін жүзеге асырады.Украина заңы.
«Нафтогаз» — 100 000-нан астам қызметкері бар Украинаның ірі жұмыс беруші компаниясы (2023 жылғы жағдай ақпаратынша).
Бұл компания — Украинаның ең ірі салық төлеушілерінің бірі. Naftogaz Group компанияларының 2023 жылы шоғырландырылған таза пайдасы 23,1 миллиард гривнаны құрады, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 79,1 миллиард гривна болған еді.
2025 жылғы 29 сәуірде Нафтогаз басқармасының төрағасы болып Сергей Корецкий сайланды. 2026 жылғы 16 шілдеде ол Украина премьер-министрі атанып, лауазымынан кетті.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты
Санат:1998 жылы құрылған компаниялар Санат:Украиналық Нафтогаз