Шатырдақ (, ) — Қырым түбегінің оңтүстік бөлігінде, теңізден 10 км қашықтықта орналасқан және Қырымдағы биіктігі жөнінен бесінші орын алатын тау сілемі (яйла). Шатырдақ Страбон еңбектерінде аталған Трапезунт тауымен сәйкестендіріледі ( — ««Үстел тәрізді/Төбесі тегіс тау»»).

Қырым тауларының Басты тізбегіне жатады. Бұрын негізгі тізбектен мұншалықты оқшау болмаған, Ұлыөзен және Алма өзендерінің әрекетінен Бабығаннан, ал Аңғар өзенінің эрозиялық әрекетінен Темірші мен Субатқан яйлаларынан бөлініп қалыптасқан. Төменгі және жоғарғы үстірттен (яйладан) тұрады. Жоғарғы үстіртте екі шың орналасқан: шығысындағы — Аңғар Мұрын (1453 м), батысындағы — Еклезі Мұрын (1527 м). Үстірттің солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы — 10 км, батыстан шығысқа қарай ені — шамамен 4 км.

Геологиясы Сілем классикалық карстты өңір болып табылады: мұнда 200-ден астам үңгір, шахта және қуыстар бар. Карст шұңқырларының орналасу тығыздығы жөнінен басқа яйлалардың арасында бірінші орында; мұнда олардың саны 1000-нан асады. Тау жыныстарының құрамына қарай сілем екі құрылымдық қабатқа бөлінеді. Жоғарғы қабаты жоғарғы юра кезеңіндегі жылы теңіздердің шөгінділерінен түзілген әктастардан және олардың астында жатқан қызыл-қоңыр конгломераттардан тұрады. Бұл әктастардың қалыңдығы 1000 метрге дейін жетеді. Ал конгломераттар өз кезегінде төменгі қабаттың су өткізбейтін қалыңдығының — жоғарғы триас және төменгі юра дәуірлерінің шөгінділерінің үстінде жатады. Ол тавриялық серия деп аталады және жасылдау әрі қара түсті аргиллиттердің, алевролиттер мен құмтастардың ырғақты кезектесуінен тұрады. Бұл жыныстар Қырымның бүкіл оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауларында кең таралған.

Адамдар Шатырдақта неолит дәуірінен бастап өмір сүрген. Осы кезеңге Барсучья полянадағы тұрақ жатады. Шатырдақтың үңгірлерінде малшылар мен аңшылар да мекендеген (б.з.б. V ғасыр).

Көрікті жерлері thumb|right|200px|Шатырдақтың төменгі үстіртінен жоғарғы үстіртінің көрінісі thumb|right|200px|Еклезі Мұрын — Шатырдақ үстіртінің ең биік (1527 м) шыңы. Шатырдақтың жоғарғы және төменгі үстірттері Аңғар асуы жағынан салыстырмалы түрде оңай жетуге болатындықтан, туристер көп баратын нысандар болып табылады. Төменгі үстірті үңгірлерге мол, олардың ішінен жабдықталған әрі экскурсиялық нысан ретінде танымалдары — Мәрмәр үңгірі, Әмине Байыр Һасар және Әмине Байыр Қоба. Сонымен қатар төменгі үстіртте әйгілі «жабайы» Суыққоба және Мыңбасқоба үңгірлері, сондай-ақ ірі Ұзынқоба мен Охотничий үңгірлер орналасқан.

Шатырдақтың төменгі үстіртінде екі туристік база бар: біріншісі Мәрмәр үңгірінің жанында, ал екіншісі — бұрынғы әскери бөлім, қазіргі кезде бейресми түрде «Точка» («Оникс-тур» компаниясы) деп аталады, ол үстірттің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Қырымның Бақылау-құтқару қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Шатырдақтың төменгі үстіртіне жыл сайын кемінде 40 мың адам келеді.

1922 жылы Шатырдақтың шығыс беткейлерінде Қырымдағы соңғы қасқыр өлтірілген. Алайда 2000-жылдары қасқырлар Украина материгінен далалы Қырым аумағына қайтадан тарала бастады.

Өнерде XIX ғасырдың басында «Қырым судьясының сауық-сайрандары» еңбегінің авторы П. И. Сумароков: «Қырымда болып, Шатырдаққа бармау — айыптауға лайық немқұрайлылық», — деп жазған.

Этимологиясы Қазіргі атауы қырымтатары тілінен шыққан: қырымтатар тілінің Çatır Dağ атауы «Шатыр тау» деп аударылады (çatır — шатыр, dağ — тау). Сондай-ақ одан ертеректегі грекше «Трапезунт» атауы белгілі ( — «Үстел тәрізді/Төбесі тегіс тау»).

Әдебиет пен өнерде Иван Шмелёв. «Өлілердің күні» (1923). Адам Мицкевич «Шатырдақ» Николай Васильевич Берг аудармасында, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты И. А. Буниннің аудармасы белгілі. Николай Зеров. «Шатырдақ» (1926)

Дереккөздер

Санат:Шатырдақ Санат:Карсттық сілемдер Санат:Төрткіл таулар Санат:Қырым тауларының яйлалары