Марсель обсерваториясы — Францияның Марсель порт-қаласындағы астрономиялық обсерватория.
Мұнда істеген астроном Жан-Луи Понс 1801 жылы өзінің алғашқы кометасын ашады, кейін ол тағы 37 кометаны ашқан (немесе бірлесіп ашқан). 1868 бен 1894 жылдар аралығында Альфонс Борелли осы жерден 18 астероидты және бірнеше кометаны ашқан. Ал 1877 жылы Эдуар Стефан бес галактикадан тұратын шоғырды ашқан, оны Стефан квинтеті деп атап кеткен.
Алғашқы обсерватория 1701 жылы Аккуле төбесінің үстінде істей бастады. 1863 жылы мекеме Париж обсерваториясының филиалына айналды және жаңадан салынған Лоңшаң сарайына орналастырылды. 1873 жылы Марсель обсерваториясы Парижден қайта бөлінді.
2000 жылы обсерватория тағы бірнеше ғылыми мекемемен біріктіріліп, Марсельдің астрофизикалық лабораториясы деп аталатын болды — Laboratoire d'Astrophysique de Marseille (LAM). 2008 жылы бұл жаңартылған мекеме қаланың басқа шетіне көшірілді. Лоңшаң сарайы бүгіндері туристік нысанға айналды, 2001 жылы онда планетарий ашылды. нобай|80 -сантиметрлік Фуко телескобы Құралдары 1862 жылдан бастап обсерваторияның негізгі құралы 80-сантиметрлік рефлектор болды. Ол өз заманының ең дәу телескоптарының бірі болды және 1965 жылға дейін қолданыста болды.
1866 жылы кометаларды іздеуге арналған 18-сантиметрлік телескоп іске қосылды. 1872 жылы 25,8-сантиметрлік рефрактор істей бастады.
1989 жылы мұнда 36-сантиметрлік рефлектор салынды.
Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер
Санат:Францияның астрономиялық обсерваториялары Санат:Марсель ғимараттары мен құрылыстары