Ай-Петри яйласы (, ) — Қырым тауларының Басты тізбегіне жататын тау сілемі (яйла). Яйла батысы мен солтүстігінен Ялта қаласы орналасқан жағалаудағы тауалды көлбеу жазық пен шығанақты қоршап жатыр. Яйланың ең биік нүктесі — Кемел Егерек шыңы (1529,5 м), ол Ялта яйласының солтүстік тармағын құрайды. Ялта қаласы жағынан көзге түсетін негізгі шыңдары — Лапата (1406 м), Жадымұрын (1423 м) және Жұнынқос (1410 м).
Сипаттамасы Ялта яйласы — шөптесін өсімдіктері мен гүлдері мол таулы (альпілік) шалғындармен, кей жерлерде сирек орманмен көмкерілген, төбелі таулы үстірт. Батысында яйла Ай-Петри яйласына ұласады, олардың арасындағы шекара Ендікдере қойнауы арқылы өтеді. Шығысында Үшқос шатқалының жоғарғы сағасы мен Үшқосбұғаз асуы арқылы Гурзуф яйласынан бөлінеді.
Бұл тау сілемінде Жерорта теңізі типіндегі карстты жер бедері пішіндері — үңгірлер мен опырылма шұңқырлар кең таралған. Үңгірлердің қатарында Арықбас үңгірі, Андрусов үңгірі және тағы басқалары бар.
Яйланың оңтүстік беткейлері Ялта тау-орман қорығының құрамына кіреді, оған бару арнайы рұқсат қағазы арқылы ғана мүмкін. Солтүстік бөлігі Қырым табиғи қорығының құрамында, оған баруға тыйым салынған.
Ялта яйласы — танымал туристік нысан. Ялта яйласы арқылы №56 туристік бағыттамасының соқпағы өтеді. Ялтадан яйлаға апаратын ең жеңіл соқпақ — Иограф сілемімен өтетін Иографбұғаз немесе Өзенбас соқпағы саналады.
Суреттеме
Дереккөздер
Санат:Ялта яйласы Санат:Қырым тауларының яйлалары